Ардагерлер ақ батасын берді

Ардагерлер ақ батасын берді

   Меруерт Сафаева,
«САРБАЗ»    

11 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында «Ел Тірегі - 2019» атты күзгі мерзімді әскери қызметке шақыруға арналған науқан аясында дәстүрлі шара өтті.

  Іс-шара Қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілді. 1200-ден астам әскерге шақыру жасындағы жасөспірімдер мен олардың ата-аналары өздері үшін ұйымдастырылған шараға қатысып, мерекелік бағдарламаның куәгері болып қайтты. Қалыптасқан дәстүр бойынша «Астана» концерт залының кіреберісінде әскерге шақырылатын жастар үшін әскери оркестр өнер көрсетті. Одан өзге әскери киім үлгілері мен қару-жарақ түрлері ұсынылған көрме ұйымдастырылды. Әскери қару-жарақ көрмесі көптің көңілінен шығып, жоғарғы сынып оқушылары мен студенттердің арасында үлкен қызығушылық тудырды. Жасөспірімдер жарыса қолдарына қару алып, киім үлгілерін қызыға тамашалады.

Болашақ сарбаздарға ақ жол тілеген кеште Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен мәслихатының өкілдері, Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы ардагерлері жастарға жылы лебіздерін білдірді.

–       Қашанда Қарулы күштерде қызмет ету – әрбір қазақ азаматының парызы да міндеті. 1992 жылдың 7 мамырынан бастап жыл сайын біз жастарымызды әскер қатарына шығарып саламыз. Сол кезден бастап олар Отанына қызмет жасап, абыройлы міндетін атқарып жатыр. Ұлы Отан соғысы кезінде осы қаладан 29, 387 атқыштар дивизиясы, одан басқа 106-шы атты әскер дивизиясы кетті. Қан майданда болған ата-бабаларымыз бізге жеңісті, жарқын болашақты жақындатты. Сендерді сол ата-бабаларыңның әруағы қолдасын, - деді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері генерал-майор Марат Нагуманов.

   Сөз сөйлеушілер бүгінгі күні біздің армиямыз күннен күнге дамып келе жатқанын, жастардың армияға деген қызығушылығының артқанын атап өтті. Еліміздің әскер қатарына аттанып бара жатқан жастарына ақ батасын берген Ұлы Отан соғысының ардагері Ахат Бекмәді оларға Отан алдындағы борыштың қасиеттілігі, Отан қорғау шебінде жан кешкен әкелер, ата-бабалардың батырлығы туралы айтып берді.

 

   Кең-байтақ еліміздің аспаны мен тыныштығын абыроймен қорғаймыз деп ант берген әскерге аттанушы жастардың көрсетілімінен кейін әскер түрлері мен тектері болашақ сарбаздарға әскери қызмет атқару кезіндегі қажетті амалдар мен әскери қоян-қолтық ұрыс элементтерін көрсетті. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық Ұланы мен Шекара қызметінің өкілдері шараға қатысушылар үшін бейнебаян, әдемі дефиле және ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери ансамблі мерекелік концерттік бағдарлама тарту етті.

 

                                                           Суреттерді түсірген Ағыбай АЯПБЕРГЕН


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи