АҚШ-тың мамандары ҚР ҚК-нің нұсқаушы сержанттарына практикалық сабақтар өткізуде

Ш. Уәлиханов атындағы ҚР ҚМ Кадет корпусының базасында нұсқаушы сержанттарды оқытудың озық әдістемесін зерделеу бойынша білім беру курсы басталды. Америка Құрама Штаттарының 6 жоғары білікті маманы Қазақстанның әскери жоғары оқу орындарының оқытушыларымен бірлесе ҚР Қарулы Күштерінің оқу-жаттығу орталықтары және жоғары оқу орындарының сержанттарымен 200-ге жуық сағат теориялық және практикалық сабақтар өткізеді.

Практикалық сабақтар оқып-үйренушілердің дәрістерде алған теориялық білімдерін тереңдету, белгілі бір лауазымды тұлға рөлінде бөлімшелерді басқару мәселелері бойынша олардың шеберліктерін, сондай-ақ, функционалдық міндеттерді орындауда сержанттардың практикалық машықтарын жетілдіру мақсатында өткізіледі. Оқыту үдерісінің бөлігі рөлдік қойылымдар түрінде өтеді. Онда өзінің кәсіби қызметінде нұсқаушы сержанттың тап болуы ықтимал ең күрделі жағдайлар ойнатылады. Бұл американдық мамандардың Кадет корпусына алғаш келуі емес екенін айта кеткен жөн. Нұсқаушы сержанттарды дайындаудың баламалы курсын олар өткен жылы Қазақстан Республикасы мен АҚШ Қарулы Күштерінің әскери байланысы жоспарына сәйкес өткізді. Одан басқа, бұдан бұрын ҚР ҚК-нің сержанттар құрамын жетілдіру жөніндегі симпозиумда АҚШ-тың әскери-әуе, әскери-теңіз және өзге де әскери базаларында екі елдің Әскери-әуе және Әскери-теңіз күштері, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен әскери полиция арасында зерделеу және тәжірибе алмасу бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізілді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"