Ақпараттық шолу

Ақпараттық шолу

Алуа ИСКАКОВА,
«САРБАЗ»

Қолбасшылықтың туған күнін атап өтті

 

   Даңқы жылдан-жылға артып келе жатқан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының құрылғанына 27 жыл толды.

   Салтанатты жиында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Асан Жүсіпов тарихты тереңнен талдады. Еліміздің оңтүстік-шығыс шекарасын қорғауға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Директивасының негізінде 1992 жылы 1 қарашада Түркістан әскери округының 32-ші армиясының құрылымдары мен бөлімдерінің базасында 1-ші армиялық корпустың құрылуы, округтың, өңірлік қолбасшылықтың негізін құрғандар, әр жылдарда басқарған қолбасшылар, сондай-ақ, әлемдік додада Қазақстанның Қарулы Күштерінің жауынгерлік даңқы мен абыройын арттырып жүрген өңірлік қолбасшылық әскерилерінің жетістігі туралы баяндады. Еліміздің Қарулы Күштерінің ең ірі бірлестіктерінің бірі мемлекет басшысы белгілеген басымдықтарды жүзеге асыруда талмай еңбек ете беретінін баса айтты. Қолбасшылықтың туған күнімен Ауғанстан соғысына қатысқан Қарулы Күштер ардагерлері, Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының бастығы подполковник Талғат Әмірхан, 54835 әскери бөлімінің командирі полковник Мақсұтбек Әділбаев және тағы да басқалары құттықтады.

 

Әскери барлау органдарының 101 жылдығына арналды

 

   Әскери барлау органдарының құрылғанына 101 жыл толуына арналып 44736 әскери бөлімі жеке құрамының қатысуымен жиын болды.  

   «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Асан Жүсіповтің құттықтауын оның бірінші орынбасары – штабтар бастығы полковник Қуанышбек Уштаев жеткізді. Өңірлік әскерлері қолбасшылығы Барлау басқармасының бастығы подполковник Динар Құрбанбаев құттықтап, «Әскери барлау органдарының құрылған күніне орай «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жеке құрамды көтермелеу туралы» бұйрығын оқыды. Әскери тәртіп пен ұрысқа әзірлікті жетілдіруге қосқан қомақты үлесі және қызметтік міндеттерін атқаруда белсенділік танытқандығы үшін подполковник Р.Буденов, 3 сынып сержанты А.Құсайынов, 3 сынып сержанты А.Мұхатаев, аға сержант Е.Есіркенов, ефрейтор Е.Базарбаев қолбасшының мақтау грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ, лауазымдық міндеттерін адал орындағаны, қызметтегі жетістіктері мен ынта-жігері және үлгілі әскери тәртібі үшін аға лейтенант Р.Сәкім, аға сержант Р.Сейтмамутов, сержант А.Қуатов, сержант Ф.Рамазанов, сержант О.Запорощенко, сержант Н.Қоңыратбаев, сержант Е.Есләмов, кіші сержант О.Тыныбеков, ефрейтор Т.Бекболатов, ефрейтор Е.Уйсенов, ефрейтор Т.Хайранов, ефрейтор К.Ахметжанов, ефрейтор Д.Түндеханов, ефрейтор Е.Жүнісов, ефрейтор Д.Әбекбаев, ефрейтор Е.Базарбаев, қатардағы М.Тойымбаев, қатардағы М.Жомартұлы, қатардағы М.Ибраев әскери бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы майор Марат Бралиновтың грамотасын алды. Бір топ әскери қызметшіге алғыс жарияланды.

 

Тұрғын үй алудың жолдарын түсіндіру жұмысы

 

   Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағында әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты кездесу ұйымдастырылды.

   Тұрғын үй кезегіне тұру, банктерден ипотека алу, әскери қызметшілер үшін әзірленген арнайы бағдарламаларды жеке құрамға түсіндіру мақсатында Семей қаласының аудандық пайдалану бөлімінің заңгері аға лейтенант Қаламқас Наримбетова мен тұрғын үй тобының маманы Айгүл Толқынбаева арнайы шақырылды. Олар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі тұрғын үй алуға әскери қызметшілердің іс-қимыл алгоритмін, баспанамен қамтамасыз етудің жаңа тетігін, мемлекеттің «7-20-25» бағдарламасы бойынша әрекет ететін ипотека бойынша тұрғын үй алудың тиімділігін жан-жақты түсіндірді. Тиесілі төлемдерді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің шотында жинап, жеңілдетілген займдарды төлеу үшін, екінші деңгейдегі өзге банктердегі ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруға, тіпті үлесті құрылысқа қатысу үшін де пайдалану, «әскери өнім» аясында Ұлттық гвардия, ҰҚК, әскери прокуратура, ішкі істер министрлігі және Қорғаныс министрлігінің қызметшілеріне ұсынылатын займ түрлері, жеңілдетілген несиелендіру бойынша әскери қызметшілерді қолдауға байланысты сұрақтар көп болды.

 

Әскер қатарынан шығарып салды

 

   Семей гарнизонының 54770 әскери бөлімінде ҚР Қарулы Күштеріндегі белгіленген мерзімді қызметтерін өткерген 2018 жылдың екінші шақырылымындағы 46 жауынгерді әскер қатарынан шығарып салу салтанаты өтті.

   «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген мерзімді өтеп болған жауынгерлерді бөлім командирі подполковник Аралбек Берікұлы Таңатов құттықтады. «Запасқа шығарылатын мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді көтермелеу туралы» бөлім командирінің бұйрығы оқылып, әскери тәртібі үлгілі және жауынгерлік дайындықта жетістікке жеткен сарбаздар марапатталды. Отан алдындағы борышын жауапкершілікпен адал орындаған

жауынгерлік әзірліктің үздігі қатардағы А.Асылхан, ефрейтор Р.Итемген, қатардағы О.Каракееев мақтау қағазын алды. Отан қорғаушыларға дұрыс тәрбие берген ата-аналарға да алғыс айтылды. ҚР Қарулы Күштеріндегі белгіленген мерзімді қызметтерін өткерген жауынгерлер алдынан бөлімнің жеке құрамы салтанатты шерумен жүріп өтті.

 

Сарбаздармен толықты

 

   Семей гарнизонының 44736 әскери бөлімі Ақтау қаласынан шақырылған жас сарбаздармен толықты.

   Барлығы 20 сарбазды әскери бөлім командирінің бұйрығымен бекітілген жас сарбаздар жиынының әкімшілік құрамы қарсы алды. Жас жауынгерлердің бойында жоғары моральды-психологиялық және жауынгерлік қасиеттерді қалыптастыруға, әскери ұжымда тәрбие ісін түбегейлі жақсартуға және әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған ҚР Президентінің талаптары мен Қорғаныс министрлігі директиваларының орындалу барысы түсіндірілді. Әскери бөлімнің бүгінгі күнге дейінгі жетістіктері жайында қысқаша ақпарат берілді. Алда тұрған мақсат-міндеттер де жеткізілді. Әкімшілік құрамы сарбаздарды жоғары үлгеріммен және үлгілі тәртіппен ерекшеленуге шақырды. Отан алдындағы әскери борышты өтеуде қиындықты шыдаммен және қайратпен жеңіп, әрқайсысының еліміздің тыныштығын күзететін абыройлы азамат атанатынына зор сенім білдірді.

 

Суреттерді түсірген автор

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи