Алматыдағы залалсыздандыру жұмыстары

Алматыдағы залалсыздандыру жұмыстары

Қазақстанда Қарулы Күштердің әскери қызметшілері залалсыздандыру жұмыстарын қайта бастады. Еліміздің 5 қаласы – Алматы, Талдықорған, Семей, Атырау және Ақтау қалалары бірінші болып көшелер мен қоғамдық орындарды залалсыздандыру жұмыстарын қолға алды.

Алматыда Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери қызметшілерінен құралған арнайы бөлімшелер коронавирус инфекциясының алдын алу үшін қала көшелері мен қоғамдық орындарды залалсыздандыру бойынша жұмыстарын қайта жандандырды.

«Келісілген жоспарға сәйкес №1 қалалық емхана мен бірнеше шипажайлар залалсыздандырылды. Оған 60-тан астам әскери қызметші мен 10 әскери техника тартылған. Карантин шараларының босаңсуына байланысты адам қарасы өте көп, сондықтан залалсыздандыру жұмыстары өте тиянақты жүргізілуде», - деп атап өтті РЭжБӘИИ штабының радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау, экологиялық қауіпсіздік және айналадағы кеңістік күзет қызметінің бастығы подполковник Бақытжан Темірбаев.

photo_2020-05-29_12-47-10(2).jpg

Залалсыздандыру үшін натрий гипохлориті қолданылуда, оның хлорға тән иісі бар. Гипохлорит залалсыздандыруда қолдану концентратына орай адамдар мен жануарларға улы және қауіпті емес.

Қаладағы залалсыздандыру жұмыстарына Алматы гарнизоны бойынша барлығы 150-ге жуық әскери қызметші тартылған. Бүгінгі күні арнайы бөлімшелер Алматы қаласының 20 нысанында залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді.

Жалпы төтенше жағдай режимі кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшілері Қазақстанның 29 қаласында жалпы ауданы 50 миллион шаршы метрден асатын 10,5 мыңнан астам әлеуметтік маңызы бар нысандарға және ұзындығы 4000 шақырымға жуық жол учаскелеріне дезинфекция жүргізді. Бұл Қазақстан армиясының мүмкіндіктерінің шегі емес.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!

Жүгіртпе / Лента

Әлемнің ең үздік 10 танкісі

Әлемнің ең үздік 10 танкісі

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи