Әйелдер кеңесінің қорытынды жиыны

Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының әйелдер кеңесі өткен жылды қорытындылады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Әйелдер кеңесінің 2016 жылды қорытындылаған мәжілісін Семей өңірлік гарнизонының әскери полиция жасағы бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары – тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің бастығы подполковник Дарқан Шаянбаев өткізді. Ол әйелдер кеңесінің құрамын түгендеп, әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Бөрібекқызының жылдық есебін тыңдады.

Жасақтың әйелдер кеңесі былтыр жанұялық одақтың беріктігін, ана мен әке болудың мәртебесін сақтап қалудағы жауапкершілікті арттыруға барынша күш салды. Енді ғана шаңырақ көтерген және көп балалы отбасыларға, сондай-ақ, әскери қызметшілердің жесірлеріне көмек көрсетті. Тұрмысы қиын отбасылармен жұмыс жүргізді. Әскери қызметшілер мен олардың отбасындағы адамгершілік тәрбиесіне ықпал етіп, денсаулығы мен мәдени дамуына да қамқорлық танытты.

Дөңгелек стөл басында «Өз тағдырың өз қолыңда», «Барлық мәселенің шешуі бар», «Қызметтесіңе сен, ол саған аға және бауыр!», «Өз-өзіне қол салудың жанұяға әкелетін қасіреті» тақырыбында баяндамалар оқылды. Діни ұйым өкілінің қатысуымен «Өз-өзіне қол жұмсаудың ауыр күнәсі» тақырыбында сұрақ-жауап тәсілі арқылы діни сауаттылықты арттыру жұмысы да жүргізілді. Қысқасын айтқанда, жыл он екі ай бойы ұйымдастырылған іс-шаралар әскери қызметшілер мен олардың жанұясының моральды-психологиялық жәй-күйін анықтап, оны қалыпты жағдайда ұстауға зор септігін тигізді.

Подполковник Дарқан Шаянбаев әйелдер кеңесінің өткен жылдағы еңбегі үшін алғысын білдірді. Мәжілістің соңында жаңа оқу жылына бекітілген іс-шаралар да пысықталды.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"