Әуе қорғанысы күштерінің мамандары ұшуды басқару бойынша оқу үстінде

Ақтөбеде Әуе қорғанысы күштері әскери институтының базасында ұшуларды басқару топтарының персоналын даярлаудан арнайы курс ұйымдастырылды.  

Ұшуды басқару тобы дегеніміз – экипаждардың ұшу тапсырмаларын толық, уақытылы және қауіпсіз орындауын қамтамасыз ету үшін жерден басқаруды жүргізетін арнайы даярланған офицерлер санаты.  
Мамандар әуедегі және ұшу кезіндегі туындаған кейбір күрделі жағдайларда экипаждарға білікті көмек көрсетудегі білімдерін жетілдіреді. Олар түрлі ұшу кезеңдерінде экипаждар мен авиациялық бөлімшелерді тікелей басқару барысында шешімдер қабылдау алгоритмдерін іс жүзінде пысықтайды.  
Практикалық дағдыларды бекіту үшін «Виртуалды әуеайлақ» жаттығу кешені және Л-39 ұшағының және Ми-8МТ тікұшағының үдеткіштері пайдаланылады. Бұл оқу құрылғылары курстың оқу бағдарламасын меңгерудің тиімділігін едәуір арттырады.  
– Ұшуды басқару – күрделі және жауапты үдеріс. Бұл көп жағдайда жауынгерлік әзірліктің жай-күйіне, жеке құрамның әуедегі машықтану деңгейіне, ұшу даярлығының қауіпсіздігі және авиациялық техниканы апатсыз пайдалануға байланысты болады. Жылда өтетін курстар алған білімімізді бекітуге және осы саладағы жаңа әзірлемелермен танысуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Қызылорда авиациялық комендатурасының бастығы подполковник Ғани Нәрікбаев.  
Жыл сайынғы оқыту авиациялық техниканы пайдалану қауіпсіздігінің деңгейін арттыру, теориялық білімді тереңдету және мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіру мақсатында жүргізіледі.
Биылғы жылы Әуе қорғанысы күштерінің құрылымдық бөлімшелерінен 24 әскери қызметші оқиды. Сабақтың жалпы көлемі 99 сағатты құрайды. Оқу соңында тыңдаушылар кешенді емтихан тапсырып, оқу бағдарламасын меңгергені туралы куәлік алады.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"