Әуе қорғанысы күштерінің бөлімшелеріне арналған ғимараттар салынып жатыр

Жеке құрамның жауынгерлік дағдысының деңгейін, қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйін, әскери қызметшілердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі мен моральдық-психологиялық жай-күйін тексеру үшін Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетовтің басшылық етуімен әскери бөлімдердің кешенді тексерілуі өткізілді.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің өкілдері Жезқазған қаласындағы радиолокациялық ротаға арналған жаңа кешенді ғимараттың салынуы барысын тексерді. «Әскери бөлімдер мен гарнизондардың күрделі және ағымдағы жөнделуі жоспарына сәйкес бүгінгі таңда жаңа кешенді ғимараттың құрылысы аяқталып та қалды. Жаңа ғимаратқа штабтың, асхананың, режімді объектілердің, медициналық пункті мен казарманың  орынжайлары кіретін болады. Сондай-ақ қарауылдық үй-жай мен бақылау-өткізу пункті тұрғызылып, қоршау жасалады.  Кешенді ғимаратты пайдалануға беру 2016 жылғы мамыр айының соңында жоспарланып отыр», - деп «Әскери құрылыс» АҚ-тың өкілі Дания Маматов атап өтті. Кешенді комиссия Жезқазған, Қызылорда, Тараз, Жетіген және Балқаш қалаларында орналасқан әскери бөлімдерге барғанын айта кетейік. Одан басқа, әуе қозғалысын басқару бас орталығы мен Қызылорда шаһарындағы жекелеген радиолокациялық рота тексерілді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"