Әуе қорғанысы күштері – әскердің жауынгерлік әлеуетін көрсететін маңызды бөлігі

Әскерлерді тексеру аясында «Оймаша», «Көктал», «Шығыс» және «Сарышаған» полигондарына Әуе қорғанысы күштерінің майдандық, әскери-көліктік және армиялық авиация экипаждары жұмылдырылды.

Жеріміздің кеңдігі әскерлерді алыс қашықтыққа жіберу даярлығын қолдау қажеттілігін туындатуда. Ұтқырлықты арттыру мақсатында арнайы мақсаттағы бөлімшелердің жеке құрамы, қару-жарақ пен әскери техника 3000 шақырымнан астам аймаққа жіберілді. Күштер мен құралдарды алыс жерлерге жіберуге әскери-көліктік авиация ұшақтары пайдаланылды.
Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдері мен бөлімшелері жедел әуеайлақтардан жауынгерлік іс-қимылға дайындалу және оған кірісу мәселелерін пысықтайды. Әуеайлақтары жоқ аудандарда әр түрлі әуе кемелерінің ұшуы мен қонуына мүмкіндік беретін көлік жолдарының әуеайлақ учаскелері қолданылады.
Каспий теңізінің су айлағындағы Тоқмақ мүйісінің жағалауында
С-295 әскери-көліктік ұшақтары 3000 және 5000 метр биіктіктен арнайы мақсаттағы жасақты түсіруді пысықтады. Армия авиациясының экипаждары Ми-35М соққы беруші тікұшақтарының оқ атып шабуылдау тәсілімен арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің десант түсіруін жүргізді. Тікұшақтардың сыртқы аспасында ұшқыштар артиллерия қаруларын және шағын көлемді көлік құралдарын, оның ішінде қайықтарды, Багги автокөліктерін тасымалдады. Қару-жарақты жеткізудің бұл әдісі Құрлық әскерлерінің жауынгерлік ұтқырлығын едәуір арттырады.
Майдандық авиацияның экипаждары зымыран әскерлерімен және радиоэлектрондық күрес құралдарымен өзара іс-қимыл жасап, қарсыластың нысандарына соққы жасады.


Тексеруге Су-30СМ, Су-27 көпфункционалды жойғыштары, С-295 әскери-көліктік ұшағы және Ми-35М, Ми-17, Ми-8, Ми-171Ш, ЕС-145 тікұшақтары және ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"