Әскери қызметшілердің бойындағы шапшаңдық дене дайындығынан байқалады

Эльдар Сартаев – Семей қаласының тумасы. Құрлық әскерлерінің әскери институтын тәмамдаған. Бүгінгі күні «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 44736 әскери бөлімінің дене дайындығы және спорт қызметі бастығының міндетін уақытша атқарады. Бұл бөлім әскери қызметшілер арасында бұқаралық спорт пен дене шынықтыруды дамытуға бағытталған іс-шаралардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

Әскери қызметшілердің бойындағы шапшаңдық, жылдамдық, жинақылық, ұқыптылық, ауызбіршілік пен ұйымшылдық секілді жақсы қасиеттер дене дайындығынан байқалады. Спорттық сайыстар неғұрлым жиі өтіп тұрса, әскерилердің далалық шеберлігі де соғұрлым шыңдала түседі. Тапсырмаларды кез-келген күрделі жағдайда орындаудағы дайындықтың деңгейі артады, әртүрлі кәсіби амалдар мен қимыл-әрекеттерді орындаудың әдістері меңгеріліп, оны озық үлгідегі дайындық тәжірибесімен ұштастырудың мүмкіндігі де туады. Сондай-ақ, денеге түскен ауыр салмаққа және психологиялық ауыртпалыққа төзе білудің қабілеті де жан-жақты жетіледі. Эльдар Сартаевтың пікірі осындай. Ол еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілгендей, «Мемлекеттің маңызды қамқорлығы дене шынықтыру мәдениеті мен спортқа бөлінуі тиіс» деп есептейді. Ең бастысы – әскерилердің санасында мемлекеттіліктің және тәуелсіздіктің құндылықтарын бекіту, жаңа қазақстандық патриотизм мен жаңа белестерді бағындыруға ұмтылыс сезімдерін қалыптастыру. Капитан сөз соңында ел болашағының жарқын, азаттығының баянды болуы және елдің намысын, ердің намысын қорғау үшін одан әрі талмай еңбек ете беретінін айтты. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"