Әскери қызметшілер асық атудан турнирге қатысты

Наурыз мейрамы қарсаңында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде "Асық ату"жарысы өтті.

- Жыл сайын "Наурыз мейрамын" мерекелеу қарсаңында университетте асық ату бойынша университеттің құрылымдық бөлімшелері арасында жарыстар өткізіледі. Жыл сайын осы спорт түріне қызығушылық пен қатысушылардың шеберлігі артып келеді, – деді дене шынықтыру және спорт кафедрасының бастығы полковник Расул Мейірманов.
Жарысқа университеттің он командасы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды арнайы дайындық факультетінің майоры Қ.Сәрсенбеков иеленді, екінші орынға жалпы әскери факультетінің подполковнигі А.Құлжабаев қол жеткізді, ал үшінші орынды материалдық – техникалық қамтамасыз ету ротасының ефрейторі Т.Орынбековке бұйырды.
Асық ату - қазақтың танымал ұлттық ойыны, оның мәні белгілі бір қашықтықтан бір немесе бірнеше асықты қатардан қағу болып табылады. Кейіннен оларды құлатқан ойыншының меншігіне айналады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"