Әскери колледж кадеттерді қабылдауды жариялайды / Военный колледж объявляет набор кадетов

Начался набор в Военный колледж Министерства обороны имени Шокана Уалиханова, где готовят профессиональных сержантов для Вооруженных Сил страны.
Шоқан Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжіне оқуға қабылдау басталды, онда еліміздің Қарулы Күштерінің  қатарына алынатын кәсіби сержанттар даярланады.

Қазақстанның барлық өңірлерінде жергілікті әскери басқару органдарының қолдауымен колледж өкілдері кездесулер өткізеді, онда оқу орнына қабылдау ережелері мен тәртібі түсіндіріледі.
1996 жылдан бастап оқу орны республиканың Қарулы Күштері мен басқа да күштік құрылымдарында сәтті қызмет атқарып жүрген 3000-ден астам кәсіби сержантты дайындады. Жыл сайын орта есеппен бір жарым мың жас колледжге түсуге үміткер болады. Өткен жылы 240-тан астам адам кадет атанды.
Колледжде оқу тегін, сондай-ақ кадеттер тұратын орынмен, тамақтану және заттай мүлікпен қамсыздандырылады. Оқу мерзімі – бір жыл он ай.
Колледжге түсуге ниет білдірген азаматтар оқуға түсер жылы 17 жасқа толып, 22 жастан аспауы керек. Мерзімді әскери қызметін өткерген және келісімшартпен әскери қызметтегілерді 24 жасқа дейін қабылдайды.
– Бұл оқу орны әскерге кәсіби сержанттар дайындайды. Оқуға түсу кезінде аттестаттың орташа балы есепке алынады, ол кемінде үш деп бағалануы тиіс. Сондай-ақ медициналық куәландырудан өту, дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру, психологиялық тестілеу қажет. Колледжді бітірген түлек әскери мамандық алып, жүз пайыз кепілдікпен жұмысқа орналаса алады, - деп түсіндірді колледж өкілі үшінші сыныпты сержант Еркебұлан Серікбаев.
Оқу процесінде әрбір кадетпен Қарулы Күштерде сержанттар құрамы лауазымдарында әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасалады. Кадеттер әскери бөлімдерде бөлімше команждирлері лауазымдарынан бастап, Қарулы Күштердің бас сержантына дейін мансаптық жолмен өсе алады.
-Мен үшін бұл сапалы білім алу мүмкіндігі. Колледж оқытушыларына жеке сұрақ қойып, сөйлесе алатынымызды айтқан кезде қатты қуандым. Кездесу әскери қызметке, ел игілігі үшін қызмет етуге деген ниетімді нығайтты, – деді Ерасыл Нұрланұлы.
Әскери колледж Щучинск қаласында орналасқан. Оның ғимараттары мен жоғары санатты оқытушылар құрамы бар. Дипломнан бөлек кадеттер үшінші сыныпты БМП механик-жүргізушісі және «В», «С» санатындағы автомобиль жүргізушісі куәлігін алады.
Оқуға түсу үшін тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарына жүгіну қажет.



Во всех регионах Казахстана при поддержке местных органов военного управления представители колледжа проводят встречи, на которых разъясняют правила и порядок приема в учебное заведение. С 1996 года учебное заведение подготовило более 3000 сержантов-профессионалов, которые успешно проходят службу в Вооруженных Силах и других силовых структурах республики. Ежегодно на поступление в колледж претендуют в среднем полторы тысячи молодых людей. В прошлом году кадетами стали свыше 240 человек. Обучение в колледже бесплатное, кадеты обеспечиваются проживанием, питанием и вещевым имуществом. Срок обучения составляет один год десять месяцев. Граждане, желающие поступить в колледж в год поступления должны достичь 17-ти и быть не старше 22-х лет. Отслуживших и военнослужащих, проходящих срочную воинскую службу и службу по контракту принимают в возрасте до 24 лет. – Наше учебное заведение готовит сержантов – профессионалов для армии. При поступлении учитывается средний бал аттестата, который должен быть не менее трех. Также необходимо пройти медицинское освидетельствование, сдать нормативы по физической подготовке, психологическое тестирование. По окончании колледжа выпускник получает военную специальность и стопроцентную гарантию трудоустройства, – пояснил представитель колледжа сержант третьего класса Еркебулан Серикбаев. В процессе обучения с каждым кадетом заключается контракт о прохождении воинской службы в Вооруженных Силах на должностях сержантского состава. Кадеты распределяются в воинские части на должности командиров отделений с перспективой карьерного роста до главного сержанта Вооруженных Сил. – Для меня это возможность получить качественное образование. Очень обрадовался, когда сказали, что мы сможем лично задать вопросы и пообщаться с преподавателями колледжа. Встреча укрепила мое желание стать военным, служить во благо страны», – сказал Ерасыл Нұрланұлы. Военный коллеж находится в городе Щучинске. Он располагает отличной инфраструктурой и высококлассным преподавательским составом. Помимо диплома кадеты получат удостоверение механика-водителя БМП третьего класса и водителя автомобиля категории «В», «С». Для поступления необходимо обратиться в местные органы военного управления по месту жительства.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Airbus тестирует ударный самолёт на базе транспортника C295

Airbus тестирует ударный самолёт на базе транспортника C295

Тезисы из статьи Президента Касым-Жомарта Токаева «Тəуелсіздік бəрінен қымбат», опубликованной 5 января 2021 года

Тезисы из статьи Президента Касым-Жомарта Токаева «Тəуелсіздік бəрінен қымбат», опубликованной 5 января 2021 года