Әскери дағдыны шындады

«Астана» өңірлік қолбасшылығында командалық-штабтық оқу-жаттығу аяқталды. Оқу-жаттығуға өңірлік қолбасшылықтың әскери бөлімдері мен бөлімшелерінің әскери қызметшілері қатысты.

Оқу-жаттығу барысында әскери бөлімдер «дабыл» бойынша көтерілді. Жеке құрам штаттық қаруды, оқу-жауынгерлік тапсырмаларды алып, еліміздің аумағына басып кірген шартты қарсыластың шабуылына тойтарыс беру бойынша практикалық іс-қимылдарды өткізу үшін көрсетілген аудандарға аттанды. Шешуші кезеңде арнайы әскери іс-қимылдар өткізілді. Барлық санаттағы әскери қызметшілермен ұрысты жүргізу тактикасы, яғни, берілген шепке жылжу және қарасыластың атыс құралдарын жою пысықталды. Атыс қарудың барлық түрлерінен жүргізілді. Жауынгерлер оларға сеніп тапсырылған қарудан оқ атудың керемет машығын паш етті. Командалық-штабтық оқу-жаттығуда шартты құрылған әскери-саяси, стратегиялық, жедел немесе жауынгерлік жағдайлар аясында операцияға немесе ұрысқа дайындалу және оны жүргізу жөніндегі мәселелер пысықталатынын айта кету қажет. Одан басқа, оқу-жаттығуда бөлімшелердің үйлесімділігі жетілдіріледі, күрделі қысқы жағдайлардағы іс-қимылдар кезінде әскерлердің далалық дағдысы арттырылады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

В России приступили к разработке нового прицела для стрелкового оружия

В России приступили к разработке нового прицела для стрелкового оружия

Вертолет Ми-35М - "крокодил" с усиленной "хваткой"

Вертолет Ми-35М - "крокодил" с усиленной "хваткой"