Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әскери кафедрасында «Сарбаз» газетінің тілшілер пункті ашылды

«Сарбаз» республикалық әскери-патриоттық газеті мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасы арасындағы ынтымақтастық туралы бұдан бұрын қойылған меморандумға сәйкес университет жанында газеттің тілшілер пункті ашылды.

Тілшілер пунктінің ашылуы ең алдымен, «Әскери журналистика» әскери есепке алу мамандығы бойынша студенттерді оқыту және дайындау деңгейі мен сапасын арттыруға бағытталған ынтымақтастықтың шынайы іске асырылуы болмақ. «Сарбаз» тілшілер пунктінің ашылуы іс-шарасына «Сарбаз» республикалық әскери-патриоттық газетінің бас редакторы Батырхан Қуатбек және газеттің креативті директоры Тимур Қубеков қатысты.

Шара барысында «Сарбаз» газетінің басшылығына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының оқу-материалдық базасы, оқу аудиториялары, интерактивті және оқу-жауынгерлік тренажерлары, Қазақстанның халық батырлары Б. Момышұлы мен С. Нұрмағамбетовтің атаулы аудиторияларын қамтитын әскери-патриоттық жұмыс орталығы мен студенттік және мектеп жасындағы жастармен әскери-патриоттық жұмыс жасау кабинеті көрсетілді.

Өзінің сөз сөйлеуі барысында оқытушылар құрамы мен студенттердің алдында Батырхан Қуатбек заманауи әскери журналистиканың дамуының бағыттары туралы айтып берді, Қазіргі заманғы қоғамда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі туралы студенттермен қызықты диалог өткізілді. Шара аяқталысымен «Сарбаз» газетінің креативті директоры Тимур Қубеков болашақ әскери журналистермен әлеуметтік желілердің ықпал етуі туралы практикалық семинар өткізді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"