Goblin Shark — ең кішкентай әскери құрылғы

Brock Technologies (АҚШ) Компаниясы шеңберлік шолу жүйесімен жинақталған  жаңа шағын ұшақсыз ұшу аппаратын таныстырды. Бұл техника АҚШ-тың әскери теңіз күштеріне арналған. Техниканың атауы Goblin Shark, яғни акула-елес деген мағынаны береді екен.

Оның салмағы бар-жоғы 730г. Жауынгерлік радиусы шамамен 0,5 – 5 шақырым. АҚШ-тың Әскери теңіз куштерінде әзірге осыған ұқсас аппараттар жоқ.

Goblin Shark электромотормен жұмыс істейді. Ол әр түрлі барлау миссияларын атқарады.  Жаңа ұшқышсыз ұшақ 230г. пайдалы жүктеме, яғни көру техникалық жүйелерін көтере алады. Сондай-ақ, бұл аппарат Fly's Eye жүйесімен жабдықталған. Ол бір мезгілде сегіз түрлі датчиктерден бақылауды  қамтамасыз етеді.

Ұшыру қондырғысының диаметрі жеті сантиметрге тең. Ол құрылғыны іске қосуға және тасымалдауға арналған.

Сондай-ақ, Goblin Shark NASA және АҚШ-тың Ұлттық ғылыми қорында қолданыста. Аталмыш аппаратты ауа райын болжауға, торнадо мен дауылдардың алдын алу үшін пайдаланады.  


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"