"KADEX-2016" көрмесіне EC-145 тікұшағы қойылады

Ұшу алаңындағы EC-145 тікұшағына отыруға 54835 әскери бөлімінің командирі, полковник Талғат Серікұлы Сыздықов рұқсат берді. Тікұшақты әскери ұшқыш, әрі мерген Талғат Сыздықовтың өзі басқарды. Тікұшақ орнынан қозғалып барып, қайта қонды. Осылайша бірнеше мәрте жаттыққан соң, көкке көтерілді. Біресе оңға, біресе солға жамбастап та ұшты. Алдымен жекеленіп, кейін жұптасты. Биіктен төмен қарағанда жер-дүние төңкеріліп кететіндей болып еді. Көңілдегі алаңды ұшқыштардың әуе көлігін жүргізудегі ерекше сабырлылығы сейілтті.

Бірнеше сағаттың ішінде ұшудың, әуеде ұшақты басқарудың, қонудың тәжірибесі көрсетілді. Ұшқыштардың шеберлігі шыңдалып, тікұшақ жан-жақты сынақтан өтті. Айта кетейік, армиялық авиация ұшқыштарына Астанадағы зауыттың EC-145 тікұшағының заманауи басқару және компьютерлік жүйелері ерекше ұнайды. Алғашқыда Eurocopter концернінің тікұшағын АҚШ армиясы, Франция жандармериясы мен азаматтық қорғанысы, Германияның федеральді полициясы мен жалпы неміс автомобильді клубы, Марокко корольдігінің жандармериясы, Филиппин жағалау күзеті және тағы басқалары таңдады.

Ал, қазақстандық модель болса жалпы мақсаттағы операцияларды жүзеге асыру үшін бейімделген. Орта көлемдегі тікұшақтардың арасында көш бастаушы. Елімізде шығарылатын EC-145 тікұшағының саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Дәл осы әскери техника биыл Астанада 2-5 маусым аралығында ҚР Қарулы Күштерінің авиациялық базасында өтетін «KADEX-2016» IV халықаралық көрмеге қойылады.

   Полковник Талғат Серікұлы Сыздықов, 54835 әскери бөлімінің командирі:

–       Егемен еліміздің әуе шебін қорғаушылар заманауи тікұшақтарды бағындырып жүр. Өз басым 2014 жылы КАДЕХ әскери көрмесінде екі бағдарламаға қатыстым. Биыл да қатысамын. «KADEX-2016» көрмесіне әскери техника өндіруші 300-ден астам компания қатысады. Қазақстанда жасалған күндіз және түнде көретін құрылғылар, барлау құралдары да қойылады. Шараның көздегені – отандық өнімдерді жан-жақты жарнамалау, әскери-техникалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ету.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"