44736 әскери бөлімінде тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналлған шара өтті

44736 әскери бөлімінде тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналлған шара өтті
Суретті түсірген Алуа Искакова

44736 әскери бөлімінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып салтанатты шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

   Жеке құрамның алдында Қызыл тулы 114-ші гвардиялық әуе-десанттық дивизиясының құрамында 2-ші және 3-ші Украина майданында болып, Батыс Еуропа елдерін неміс-фашист басқыншыларынан азат етуге қатысқан Ұлы Отан соғысының ардагері Ғабдулғазиз Ахмеров сөз сөйледі. 91 жастағы қария 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылданған Заң – еліміздің егемендігін қамтамасыз еткен маңызды құжат екенін жеткізді. Егемен елдің қорғаныс қабілетін нығайту жолындағы қызметте адал болуға шақырды. Жиынға Отан алдындағы интернационалдық парызын өтеу жолында әскери антына берік болған жауынгерлер Асан Оқапов пен Мәулетай Аманбаев та қатысты. Олар Ауғанстан соғысында болған әрбір жауынгердің есімі мен ерлігі, қайсарлығы мен қайраттылығы, бір-біріне деген достығы мен бауырмалдығы, жанкешті тағдыры – азат елдің ұл-қыздарына өнеге болуы тиіс екендігіне тоқталды.

   Тәуелсіздік күніне орай әскери қызметшілердің бір тобына алғыс жарияланды. Майор М.Дүйсенов, сержант Ә.Жәкенова, сержант Б.Айкетаев, сержант В.Моор, сержант Н.Қырықбаева, кіші сержант Г.Рафикова, кіші сержант Д.Жакашев, ефрейтор Б.Нұрахметов, ефрейтор Т.Бекболатов, ефрейтор Д.Сейлхан, қатардағы А.Жүсіпов, қатардағы Р.Тұрарбеков және  қатардағы Т.Садуақасов мақтау грамотасын алды. Жеке құрам мен қонақтар еліміз Президенті – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н.Ә.Назарбаев қатысқан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиналысты тікелей эфир арқылы тамашалады. Шараның соңы әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің концертіне жалғасты. Әскери бөлім клубының сахнасында аға сержант Думан Нұрақов пен сержант Еркебұлан Баймұқышев барлаушылар әнұранын екі дауыспен қосылып орындағанда жеке құрам орындарынан тік тұрып, қосыла шырқады.  


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Пистолет-пулемет ПП-2000 - незаметный "друг" спецназа

Пистолет-пулемет ПП-2000 - незаметный "друг" спецназа