30212 әскери бөлімінде алты айда атқарылған жұмыстар қорытындыланды

30212 әскери бөлімінің басшылығымен 2016 жылдың І жарты жылдығында «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде құқық бұзушылықтар профилактикасының 2016-2018 жылдарға арналған бағдарламасының»  іске асырылу  бойынша атқарылған іс-шаралар қорытындыланды.

30212 әскери бөлімінде Бағдарламаның жалпы алдын алу, өлім, өз-өзіне қол жұмсау мен жарақат алудың алдын алу, әскери ортаға экстремизм мен терроризм идеяларының таралуына қарсы іс-әрекет, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, нашақорлықтың алдын алу, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу мен әскери-патриоттық тәрбие мен әскерге дейінгі азаматтарды даярлау бөлімдерін іске асыру аясында «Ашық есік күндері», «Ерлік сабақтары», «Жас жауынгерлер күні», жоспарға сай он күндіктер өткізілді. Гвардейск гарнизонының әскери прокуратура, әскери полиция өкілдері әділет майоры Н.Найзабековтің, әділет подполковнигі И.Сидоровтың, әділет майорлары Н.Айнабеков пен Е.Нуртаевтің қатысуымен «Әкімшілік құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік» дөңгелек үстелі, банк өкілдерімен және дін істері бойынша агенттігінің өкілдері (дінтанушы, теологтармен), бірыңғай құқықтық білім күні, жеке құрамның әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын, моральдық-психологиялық жағдайлары бойынша сұрақтарды анықтау мақсатында анонимді сауалнамалар, динамикалық бақылау тобындағы әскери қызметшілермен психологиялық тестілер, сұхбаттар болды. Бөлім жеке құрамының тұрмыстық жағдайларымен танысу, отбасындағы хал-ахуалды білу мақсатында үйлерін аралау жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының заңнамаларына сай сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол бермеу бойынша бөлімнің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналдары салық комитетіне табысы туралы декларацияны тапсырды. Әскери бөлім деңгейінде ай сайын қорытынды жиын өткізіліп, жақсы жетістіктерге қол жеткізгендер көтермеленді, бөлім аумағында орналастырылған арыз-шағым жәшіктері ай сайын тексеріліп, актімен рәсімделді. Гвардейск гарнизонының әскери прокуратурасы, әскери полиция, Гвардейск гарнизоны бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңдылықты қадағалау бөлімімен уақытында салыстырмалар жүргізілуде. Автокөлік иелерімен апта сайын жүйелі түрде гарнизоннан тыс шығу, жол ережелерін сақтау  сұрақтары бойынша сенбі күндері, ал әскери және құқықтық тәртіп бойынша есепке алу жүйелері туралы сабақтар лауазымды тұлғалармен өткізілуде, 2016 жылғы 18- шілдеде казарма және басқа да үй-жайларды әскери кинологтардың қызметтік-іздестіру иттерімен қарау арқылы, нашақорлықтың алдын алу іс-шарасы өткізілді.

30212 әскери бөлімінің басшылығы мен жеке құрамы Қарулы Күштеріміздің айбынын арттыру, мемлекетіміздің нығаюы, тәуелсіздіктің мықтылығы, халықтың әл-ауқатының артуы жолында аянбай қызмет етіп келеді.

Г.Самашова

30212 әскери бөлімі 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"