25 жыл бұрын Әскери-теңіз күштерінің туы көтерілді

17 тамыз әскери теңізшілер үшін ерекше күн. 1996 жылы дәл осы күні әскери корабльдің жауынгерлік туы болып табылатын Қазақстан Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің туы алғаш рет көтерілген болатын. Жауынгерлік ту оның мемлекетке тиесілігін және оған қол сұғылмаушылықты, Отанымыздың мүддесін қорғауға әрқашан әзір екенін білдіреді.

– Бұл – өз өмірін көп жылдар бойы көк теңіз айдынында қызмет өткеруге арнаған, Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің дәстүрін құрметтеп, онда қызмет өткеретінін мақтан тұтатын, әскери теңізші атағына ие адамдар үшін басты мереке. Бұл мерекені өз Отанының қорғаушылары мен патриоттары, көк теңіздің асау толқынын ауыздықтаған нағыз ерлер атап өтеді, – деді Қазақстан Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының орынбасары полковник Бауыржан Сапаров.
Қолбасшының орынбасары жеке құрам әскери теңізшілердің даңқты дәстүрін жалғастырып, қойылған міндеттерді орындауда барлық күш-жігерін жұмсайтынына сенімді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"