2020 жылы Қорғаныс министрлігі бюджет қаражатынан 9 миллиардтан астам теңге үнемдеді

Қорғаныс ведомствасында өткен аппарат кеңесінде Қарулы Күштердің жаңа оқу жылына негізгі даярлық мәселелері қаралып, сонымен қатар армияның күнделікті тыныс-тіршілігінің кей бағыттары бойынша тапсырмалар берілді.

Кеңесте қорғаныс ведомствасының қаржы тәртібін сақтау туралы айтылды. Бөлінген бюджет қаражатын жүз пайыз игерумен қатар, осы жылдың өткен кезеңінде 9 миллиардтан астам теңге үнемделді. Үнемдеу мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде үлкен айқындылық пен ашықтықты қамтамасыз ету, сонымен қатар заңнаманы бұлжытпай орындау мен конкурстық процедураларды жетілдіру есебінен қол жеткізілген болатын. Үнемдеу есебінен алынған қаражат Қарулы Күштерді дамытудың басым бағыттарына бөлінді.
WhatsApp Image 2020-11-03 at 20.20.15 (1).jpeg
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарын тексеру комиссияларының қорытындылары бойынша Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшыларына Әскери ғылым және білім департаментімен өзара бірлесе отырып білім үдерісін жетілдіру бойынша шаралар қабылдау жөнінде нұсқаулар берілді. Бұл бірінші кезекте профессорлық-оқытушы құрамды жасақаута және олардың біліктілігін арттыруға, оқу үдерісі кезінде жаңа оқу-жаттығу тренажерлерін, қару-жарақ пен әскери техника үлгілерін қолдануға, курсанттардың оқу материалдарын сапалы меңгеруге ынталандыру үшін қосымша шаралар жасауға қатысты. Болашақ офицерлерді даярлаудағы үлгілі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау маңызды мәселе болып табылады.
Алдағы жылы Барлық казармалық-тұрғын үй қорын тексеруді жүргізу туралы мәселені қарау тапсырылды. Қарулы Күштердегі объектілердің көбі кеңес кезеңінен бері күрделі жөндеуден өтпеген, сондықтан жылдан жылға тозығы жетіп, ескірген. Осыған байланысты олардың шынайы жағдайын қарап, бұдан әрі пайдалану ахуалын бағалау қажеттілігі туындап отыр.
WhatsApp Image 2020-11-03 at 20.20.15.jpeg
Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев жалпы Қарулы Күштерде мемлекеттік тілдің қолданылу аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Кеңестер, іс жүргізу және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал әскери қызметшілер арасындағы қарым-қатынас, әскери бөлімшелерді басқару екі тілде жүзеге асырылуда.
Бұл ретте жекелеген лауазымды тұлғалардың, оның ішінде басшылықтың мемлекеттік тілді меңгеруін жақсарту керектігіне баса назар аударылды. Негізінен, олар өз ісінің шеберлері, білімді және жан-жақты мамандар, алайда мемлекеттік тілде өз ойларын еркін жеткізе алмайды.
Командалық құрам, командирлер, бас қолбасшылар үшін, тіпті министрдің орынбасарларына дейін тереңдетілген жүйелі топтық сабақтар мен жеке курстар, мемлекеттік тілді білуін тексеруді ұйымдастыру бойынша нұсқау берілді. Ол үшін білім алушыларға мемлекеттік тілде сөйлеуді тәжірибе жүзінде қолдануға барынша бағыттайтын оқытушыларды іріктеуге ерекше көңіл бөлінеді.
Әскерилердің кәсіби деңгейін арттыруға қажетті оқу, ғылыми-танымдық және анықтамалық оқулықтар көбінесе орыс немесе ағылшын тілдерінде шығарылады. Сондықтан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы 2007 жылда белгілегендей әрбір әскери қызметші үш тілді еркін меңгеруге бағыт алуы тиіс.
«Қазіргі таңда маман, командир немесе офицер үшін бір ғана тілді меңгеру жеткіліксіз»,- атап өтті министр.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"