2017 ҚҚ Күштерінде "АрМИ-2017" сайысына қатысу үшін құрама команданың іріктелуі аяқталды

«Армия халықаралық ойындары – 2017» сайысы шеңберінде «Мерген шебі» халықаралық байқауына қатысу үшін ҚР Қарулы Күштерінің құрама командасы іріктелінді.

Екі кезең барысында ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің үздік мергендері халықаралық байқауда еліміздің намысын қорғау құқығына ие болу үшін өзара сайысқа түсті. Бастапқыда тартысқа Құрлық әскерлерінің әртүрлі әскери бөлімдерінен 22 әскери қызметші кірісті. Соңғы орындарды еншілегендер әлдеқайда мықтыларға бақ сынасуға құқық бере отырып, бірте-бірте електен өткізілді.

Сайыстың бірінші кезеңі 5 жаттығуды қамтыған жеке сынақты өткізуден тұрды. Бұл кезеңде құралайды көзге атқан мергендер сынаққа оқ ату, қорғаныстағы, шабуылдағы, торуылдағы мерген және «мерген биатлоны» жаттығуы бойынша жеке бағаланды.

Жұп сынағы жарыстың екінші кезеңі болды. Бұл кезеңнің жаттығуларында мергендер 400-ден 800 метрге дейінгі қашықтықта көздеу нүктесін шығара отырып, түнгі жағдайларда 300-ден 600 метрге дейінгі қашықтықта шартты лаңкесті бейнелей отырып, арнайы нысаналар арқылы оқ атуды орындады.

Іріктеу нәтижесі бойынша Қазақстан Қарулы Күштерінің құрама командасы құрамына «Оңтүстік», «Шығыс», «Батыс» өңірлік қолбасшылықтары мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері кірді.

Біз бұл мергендерге үкілеген үміт артып отырмыз және олар жүлделі орындарды жеңіп алатындарына сенеміз, - деп сайыстың бас төрешісі, «Оңтүстік» ӨңҚ әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Сабыр Каюмов мәлімдеді. Іріктелінген команда құрамынан төрт мерген былтырғы жылғы сайыстардың команда құрамына кірген болатын. Ол додада белгілі болғандай ҚР ҚК-нің командасы мен 12 өзге команда бірінші орынды иеленді.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"