ҚР ҚК әскери қызметшілері «Армия ойындары – 2016» халықаралық жарысына дайындалуда

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері «Армия ойындары – 2016» халықаралық жарысы шеңберінде өтетін десант биатлоны бойынша додаға белсенді түрде дайындалуда.

Десантты түсіру, таулы жерде барлау, жауынгерлер мен қару-жарақты бір жерден екінші жерге көшіру – бұл десант биатлоны қатысушыларының негізгі іс-қимылдары. Дайындық процесінде әскери қызметшілер Текелінің жер бедерін бағындырды,  әуе десанттауды, қаруды ұстау және қарсылас тылында ұрысты жүргізуді пысықтады. Одан басқа, таулы жерде барлауда жауынгерлердің дайындығы тексерілді. Мұнда әскери қызметшілер табиғи бөгеттерден кедергілер жолағын еңсеру тапсырмасын орындауы қажет еді. «Біз тігінен шыңға шығуды пысықтадық. Бұл маңызды жаттығу. Ол үшін мықты мінез және биіктіктен қорықпау керек. Осы жаттығуды орындау кезінде командалық жұмысымыз тексеріледі», - деді 48386 әскери бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Рамазан Ерғали. «Армия халықаралық ойындары – 2016» ауқымды сайысқа дайындалумен қатар әскери қызметшілер «Эльбрус шығыршығы – 2016» халықаралық додасына қатысу үшін өздерінің жауынгерлік даярлық деңгейін жаттықтыратынын айта кетейік.  Аталмыш жарыс Ресей Федерациясында өтеді.  Теңіз деңгейіндегі 5 642 метр биіктікте орналасқан ғаламшардың ең биік шыңдарының бірі Эльбрусты бағындыру үшін өзге елдердің мықты әскери альпинистерімен күш сынасуда әскери қызметшілер құзға өрмелеу, таулы өзендер арқылы өткелден өту, арқан арқылы өту және таулы жерде жаралыны көшіру іспетті элементтерді пысықтайды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"