Мектеп оқушылары ауған соғысының ардагерімен кездесті

ҚР Қарулы Күштерінің «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімі жеке құрамының ұйымдастыруымен Приозерск қаласындағы №1 орта мектепте оқушылар Ауғанстан соғысының ардагерімен кездесті.

Шарада бөлімінің материалды-техникалық қамтамасыз ету батальоны командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Нұрасыл Хасенов «Ауғанстан жеріндегі ұрыс қимылдарына қатысқан қазақстандық жауынгерлердің ерлік жолы» тақырыбында баяндама жасады. Жиында сөз алған Ауғанстан соғысының ардагері Полат Тұрлыбаев:« Біздер – Кеңес армиясының қатарына алынған жауынгерлер болғандықтан, тек бұйрықты орындадық. Отан алдындағы азаматтық борышымызды адал атқарамыз деп, жат елде шарпыған соғыс өртіне тап болдық. Жас болсақ та, қарсы келген жауға қарсы тұра білдік...» деп, сөзін тарқатты. Кездесу барысында қарт жауынгер атыс қаруын тез арада бұзып, жылдам уақытта жинап беру әдістерімен көпшілікті таң қалдырды. Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Біржан Саденов интернационалист-жауынгер Полат Қанатұлын мектеп ұжымының атынан мақтау қағазымен марапаттап, бағалы сыйлық табыс етті.

Аталмыш кездесуде 06708 әскери бөлімінің өкілі майор Н.Хасенов әскери қызметшілер атынан озат оқушыларға мақтау қағаздарын тапсырды. Кездесу соңы оқушылар даярлаған мерекелік шағын концертке ұласты.

                                              

Тілек Алшымбекұлы, 06708 әскери бөлімі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"