«Мәңгілік ел» тұғыры – Қуатты Армия! жауынгерлік әзірліктің жалынды ұранына айналмақ

2016 жылдың 5 қаңтарында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жаңа оқу жылы басталды. Осы жылға жоспарланған барлық жауынгерлік жаттығулар «Мәңгілік ел» тұғыры – Қуатты Армия!» атты ұранмен өтетін болады.

Жалпы, үстіміздегі жылы қазақстандық армияның негізгі бағдары әдеттегідей жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезіндегі жеке құрамның машығын, іс-қимылдарын жетілдіруге, елді мекендер мен таулы жерде ұрысты жүргізу үшін бөлімшелердің әзірлігін арттыруға, басқару жүйесін жетілдіру мен әскери қызметшілердің дене даярлығын шыңдауға бағытталады.  Сонымен қатар, әскердегі жауынгерлік даярлықты жоғары деңгейде ұйымдастыру, әскерлерді басқару және оларды материалдық-техникалық қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құру жолдары жақсармақ.
Сондай-ақ, биыл жауынгерлік даярлықты жетілдіру шеңберінде қазақстандық әскери қызметшілердің қатысуымен бірқатар халықаралық оқу-жаттығулар мен сайыстарды өткізу жоспарлануда.  Құрлық әскерлерінде негізгі күш-жігер қазіргі заманғы қақтығыстар мен қарулы шиеленістердің сипатына сәйкес әскери бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін одан әрі арттыруға, жеке құраммен жұмыс жасау сапасын арттыруға, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайтуға шоғырландырылады.

Әуе қорғанысы күштерінде жаңа оқу жылына қойылған тапсырмалар жауынгерлік әзірлік пен жауынгерлік қабілеттіліктің жоғары деңгейін ұстап тұру, барлық санаттағы әскери қызметшілердің кәсіби және жеке даярлығын арттыру, қарапайым және күрделі метеожағдайларда (күндіз және түнде) ұшу құрамының пилотаждау шеберлігін жетілдіру, әуе ұрысын жүргізу, әуе және жерүсті нысаналар бойынша жауынгерлік қолдану, сондай-ақ әуе шабуылына қарсы қорғаныстың жалпы жүйесінде кезекші күштер мен құралдардың жауынгерлік әзірлігін арттыру мақсатында жауынгерлік кезекшілік жүйесін жетілдіру болып табылады. 

Әскери-теңіз күштерінің 2016 жылғы тапсырмалары ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысының басқармасында жауынгерлік кезекшіліктің сапалы түрде атқарылуын ұйымдастыру, ҚР ҚК ӘТК корабльдерінің 2016 жылғы Армия ойындарына қатысуы жөнінде әскери басқарудың жоғары тұрған органдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, Әскери-теңіз күштерінің құрылуы мен дамуында тәжірибе алмасу үшін Каспий маңындағы мемлекеттердің ӘТК-мен әскери-техникалық ынтымақтастық аясындағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"