Қар құрсауынан құтқарды

   «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті және Жарма аудандарының тұрғындарын қалың қардан құтқарды.

   Қар құрсауында қалған Өскемен, Георгиевка, Көкпекті маңындағы 14 елді-мекен тұрғындарына 27943 әскери бөлімінің әскери қызметшілері көмек көрсетті. Өскемен гарнизонының бастығы подполковник Ержан Ибраевтың жетекшілігімен жергілікті халыққа азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізу үшін МТЛ-В 4, жеңіл броньды көп мақсатты тартқыштар мен КаМАЗ Р–142 арнайы көліктері шығарылды. Барлығы 16 адам шықты. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 54770 әскери бөлімінің әскерилері болса тез жүретін артиллериялық тартқыштың көмегімен Жарма ауданының күре жолын қардан тазартты. Қалың қар мен боранның астында қалған көліктерді жолға шығарып, қозғалысты қалпына келтіруге күш салды. Әскерилердің әрекеті табиғаттың салдарынан туындаған төтенше жағдайды жедел және ұйымдастыра жою, зардап шеккендерге дер кезінде жәрдем беру мақсатында жүзеге асты. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"