Әскери қызметшілерге арналған жатақханаларды қайта тіркеу үстемақы алуға негіз болмақ

Астанада әскери қызметшілер тұрып жатқан жатақханаларды пәтерден бөлме ретінде қайта тіркеу жоспарланған.  Бұл процесс әрі қарай әскери қызметшілердің жекешелендіру құқығының орнына үстемеақы алуына ықпал етеді.

Қолданыстағы заңнаманың нормалары бөлмелік және койкалы үлгідегі жатақханаларда тұрып жатқан әскери қызметшілерге ғана ақшалай үстемеақы төлеуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күні жатақхналарда тұрып жатқан әскери қызметшілер 20 жылғы қызметтен кейін жекешелендіру құқығының орнына үстемеақы ала алады.

Ол үшін міндетті шарттардың бірі жекешелендіруге жатпайтын алушыға берілген қызметтік баспананың болуы болып табылады. Бұған жабық және оқшаулы әскери қалашықтарда, шекара заставалары мен комендатураларда орналасқан қызметтік баспаналар да кіреді.  Бұл ретте қызметкерлерге арнайы мемлекеттік органдардың тұрғын үй қорынан 2013 жылғы 1-қаңтардан бастап берілген үйлер жекешелендіруге жатпайды.

Жекешелендіруге сонымен қатар еңбек шарты бойынша жұмыс жасайтын адамдарға, студенттерге (курсанттарға, аспиранттарға) және оқу кезеңінде оқып жүргендерге койкалы үлгідегі, сондай-ақ бөлмелік үлгідегі тұрғын орынжайлар жатпайды.

Бұл мәселені шешу үшін қазіргі уақытта Астанадағы әділет органдарында (жылжымайтын мүлік департаменттері) жатақханаларды (типті айқындаусыз қайта жабдықталған пәтерлік үлгідегі) бөлмелік үлгіге қайта тіркеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл әрі қарай жатақханаларда тұрып жатқан әскери қызметшілерге қаржылай үстемеақы алуға мүмкіндік береді.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"