Қазақстандық патриотизм – Мәңгілік елдің рухы

Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев «Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады» деген еді. Қазақстандық патриотизм принциптерінің негізінде еліміздің рухын қалыптастыру әскери адамдардың басты тапсырмаларының бірі.

Бүгінгі таңда қоғам мен мемлекеттің білім беру жүйесінің алдына қойып отырған міндеттерінің бірі – жеткіншектерді Қазақстандық елжандылық пен Қазақстанда тұратын халықтардың ұлтаралық ынтымақтастығы рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл мәселенің көкейкестілігі қазіргі әлемді жаһандандыру жағдайында бұрынғысынан да артып отыр.
Әскери-патриоттық жұмыстар әскери қызметшілер мен өскелең ұрпақты патриотизм мен Отанға деген махаббат сезімінде тәрбиелейді..
Әскери-патриоттық тәрбиенің мақсаты – жастарда азаматтылық патриоттылықты дамыту. Оларда өмірдің әр саласында керекті белсенді көрінулерді құру.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі негізгі міндеттерді орындау талабы орын алады:
- жастардың санасында және сезімінде патриоттық құндылықтарды, көзқарасы мен сенімінде Қазақстанның мәдени және тарихи өткеніне деген ілтипатты, мұны әсіресе әскери қызмет салаларында бекіту;
- жастарға Отанға шын берілудің негізін қалыптастыратын және оны дамытатын тиімді, әскери-патриоттық жүйе қүру;
- әскери-қызметтік тәрбие жүйесінің тұтас қызмет ету әсерін қамтамасыз ететін, оның ішінде ҚР Қарулы Күштер қатарында қызмет етіп жатқандарды қамтамасыз ететін механизм құру.
Әскери-патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаттары жастарды өз отанының адал патриоты болуға тәрбиелеу. Бүгінгі жастар отанымыздың келешегі, сондықтан олармен санасып, пікірін тыңдау арқылы қоғамға белсене араласуына көмектесуіміз қажет.
Әскери-патриоттық тәрбиенің негізгі алатын қоғамдағы ролі ерекше болып саналады. Жас курсанттардың әскери борышын орындауы, өздерін нақты істе көрсетуі, мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайту жолында өз күштері мен кәсіби білімдерін жұмсауы – Патриотизмнің негізгі ұстанымы болып табылады.
Біз сияқты аға ұрпақтың ерлік эстафетасын лайықты жалғастыратын, Қазақстанның гүлденуі мен оның әлемде танылуы жолында әрдайым биіктен табылатын мына Сіздер сияқты жастарға үлкен үміт пен жауапкершілік жүктеледі.
Әскери жастардың тәрбиесінде, білімінде Құрлық әскерлерінің Әскери институты да біршама маңызды рөл атқарып келеді. Бұл оқу орнында ұлтымыздың бүрынғы және қазіргі мәдениеті мен тұрмысына көңіл аудару, мемлекеттің әскери тарихын, жауынгерлік дәстүрлер мен салт-сананы зерделеу мен насихаттау арқылы жастарға патриоттық тәрбие беру, Қазақстан әскерінің қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдерінен де мол мағлұмат алу сияқты көптеген игі істер жасалған. Айта берсек, институтта қазақтың ұлттық рухын дамытатын әртүрлі үйірмелер де жұмыс жасайды. Бұл дегеніміз, жастарға патриоттық тәрбие берудегі үлкен іс. Осы үйірменің негізін салуға өзім де атсалысқан болатынмын. Яғни, бүгінде Құрлық әскерлерінің Әскери институты өскелең ұрпақты әскери-патриоттық рухта тәрбиелеуде үйлестіруші мекемеге айналып отыр.

Жалпы қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу бойынша барлық жерде идеологиялық жұмыстар жүргізілуде. Жастарымыз спорттың әскери-қолданбалы түрлері бойынша және әскери-далалық тактикалық ойындарда додаға түсіп жатыр. Жас патриот образын қалыптастыру мен шығармашылығын дамытуда барлық оқу орындары жыл сайын жарыстар, ардагерлермен кездесулер ұйымдастыруда.

Отанға деген сүйіспеншілік – азаматтың еліне деген үлкен құрметінің белгісі. Әскери-патриоттық тәрбие қоғамымыздың жаңаруына өзіндік ықпалын тигізеді. Отан қорғау қызметінде эмоционалдық, күш-жігерлілік қатынас, адалдық және басқа да адами құндылықтар салтанат құрғанда ғана ол өз нәтижесін береді. Соның ішінде отбасының ролі зор. Үлкендер балаларына ерлікке ұмтылыс, жеңуге құмарлық, өз-өзіне талап қойғыштық, өз қатарластарының арасында, ұжымда өз орнын табу, олардың сеніміне ие болу секілді қасиетттерді үнемі айтып отырғаны жөн.

Сонымен бірге балаларды жарыстарға, спорт ойындарына қатыстырып, әскери техника, әртүрлі әскери белгілерді айыру, әр әскери топтардың киім түрлері мен тарихы туралы баяндап отырса нұр үстіне нұр.

Әскери-патриоттық тәрбиенің мынадай бағыттарына тоқталайын:

Рухани-адамгершілік – әлеуметтік маңызды үдерістер мен шынайы өмір құбылыстарын, бағыттар мен мұраттарды, жоғары құндылықтарды  жеке тұлғаның түсінуі, оларды тәжірибелік қызмет пен  тәртіпті анықтау қағидалары, ұстанымдары ретінде басқару қабілеттілігі. Оған мыналар енеді: жоғары мәдениет пен білімділікті таныту, Отанға адал қызмет етуге даярлық ретіндегі мұраттарды түсіну,  ұжымшылдық пен жауапкершіліктің, әскери намыс сапаларын, мінез-құлықтың  жоғары адамгершілік, кәсіби этикалық нормаларын қалыптастыру

Тарихи шығу тегімізді тану, Отанның, оның тағдырының қайталанбайтынын,  одан ажырамайтынын, ата-бабалары мен замандастарының істеріне қатыстылығына мақтанышты, мемлекет пен қоғамның  саяси жүйесінде  ҚР Әскери Күштерінің, басқа да әскердің, әскери құрамалар мен органдардың рөлі мен орнын, әскери доктрина мен  елдің қауіпсіздік тұжырымдамасының  негізгі қағидаларын, әскери саясатты, мемлекет пен қоғамдағы саяси және құқықтық  оқиғалары мен үдерістерін, конституциялық және әскери борышын орындауға  тарихи жауапкершілікті түсіну.

Ұлттық бірегейлікті сақтаудың басты жолдарының бірі болып жастарға патриоттық тәрбие беруде халықтың тарихи-мәдени мұрасын пайдалану болып табылады.

Мемлекет заңдарымен, әсіресе Қазақстан  азаматының  құқықтары мен міндеттерімен, қоғамның  әскери ұйымы жұмысының  құқықтық негіздерімен және қызметтерімен  танысу, командирлердің, басшылардың, жоғары лауазымдық  тұлғалардың  талаптарын, әскери жарғылардың, Әскери  анттың қағидаларын  түсіну енеді.

Патриоттық  – қазақстандықтардың тағдыры мен дүниетанымы, өмір үлгісі, ұлттық сана-сезімі,  біздің мемлекет  пен  қоғамның дамуы  және қалыптасу  ерекшелігі көрініс табатын  маңызды  рухани-адамгершілік және мәдени-тарихи  құндылықтарына тәрбиелеу. Оған мыналар енеді: өз Отанына деген шынайы сүйіспеншілік және шын берілгендік; ұлы халыққа, оның ерлігіне, басынан өткен сынақтары мен шешімі табылмаған мәселелеріне  қатыстылығына мақтаныш, ұлттық рәміздер мен қасиеттерді қадірлеу; мемлекет пен қоғамға адал және бар ынтасымен қызмет етуге даярлық.

Кәсіби-іскерлік  – Отанға қызмет етуге байланысты  еңбекке адал және жауапкершілік қатынасты  қалыптастыру,  алға қойылған мақсаттар мен  қызметтік міндеттерді табысты орындауда  кәсәби-еңбек қабілеттерін белсенді көрсетуге ұмтылыс. Оған мыналар енеді: жеке тұлғаның өзін көрсетудегі кәсіби-іскерлік  құндылық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, дәйектемелері, қызметте жоғары нәтижеге жетуге  мақсаттылық пен кәсіби  талаптар, қызметтік міндеттерді жоғары тиімділікпен және нәтижелі  орындау қабілеттілігі  және нақты мақсаттарға жету, өзінің кәсіби өсу  жоспарын  болжау және жүзеге асыру  қабілеті.

Психологиялық – жастардың бойында жоғары психологиялық орнықтылықты, кез келген жағдайларда  күрделі және жауапты міндеттерді  орындауға даярлық, әскери және басқа да  қызметтің  ауыртпалығы мен тауқыметін, бөлімде, құрылымдық бөлімшелер ұжымында іскерлік және табысты өмірге қажетті  маңызды психологиялық  қабілеттерді  жеңу қабілеттілігі. Оған мыналар енеді:

- әскери  және басқа ұйымдарда әлеуметтік-психологиялық  үдерістерді болжау және зерделеу;

- жағымсыз құбылыстардың алдын алу және соған сәйкес мінез-құлық көрсету;

- психологиялық  қарбаластықты шешу;

- күйзелісті  жеңу;

- әр жеке тұлғаның, жеке құрамның түрлі категориясының  ерекшелігін есепке алып  психологиялық  қабілеттерін қалыптастыру; кәсіби сұрыптау үдерісінде және оның нәтижесі негізінде жеке тәрбиелеу жұмысы.

- әскери және басқа да мемлекеттік қызмет түрлерін және тұрмысты ұйымдастыруға,  оқу-әскери міндеттерді  орындауға байланысты адамгершілік ұстанымдар мен салттар, рухани құндылықтар, мінез-құлық ережелері мен нормалар, тәртіптер ретінде  қоғамның әскери ұйымында қарым-қатынастың  арнайы үлгілерін ұрпақтан ұрпаққа  берілетін, қалыптасқан  тарихи, тұрақты  әскери дәстүрде тәрбиелеу.

Нағыз азаматшылдықты, шынайы патриотизмді қалыптастыру өз Отанының таңдауын түсінген нақты саяси, өзін-өзі анықтаған жеке тұлғаны меңзейді. Отанына, оның бай және даңқты тарихына, оның болашағына  деген мақтанышты әр адам сезінетіндей әрекеттер жүйесін қалыптастыруымыз қажет. Елдің шешімін таппаған мәселелері мен болашағы барлық адамға түсінікті және жақын болуы тиіс. Бұл міндет барлық білім беру жүйесіне, мәдениет органдарына, қоғамдық ұйымдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына, әр отбасына қатысты. Бұны елдің Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қастерлеуге, заңды бұлжытпай орындауға, билікті сыйлауға тәрбиелеуден  бастау қажет. Сонымен бірге Қазақ тілі еліміздің маңызды факторы болуы тиіс. Тілді әр адам меңгеруі, саналы түрде сөйлеуі тиіс. Бүгінгі күнде ана тілі және мемлекеттік тілді білумен қатар шығыс, еуропа тілдерін білу – бұл уақыт талабы.

Қоғамдағы діннің маңызы да өзгерді. Діни қауымдар қоғамда салауатты ахуалды, бейбітшілік пен келісімді ұстап тұру, руханилықты бекіту үшін көптеген  істерді  тындыруда.

Біз алдағы уақытта да  саяси тұрақтылықты бекітетін құрылымдарды белсене қолдаймыз, экстремистік мақсатты көздеген құқыққа және конститутцияға қарсы әрекеттерге жол бермейміз.

Қоғамның саяси мәдениетінің қалыптасуына, қарқынды дамуына себепші болатын ізгілендіру мұраттарының жүзеге асуына  бұқаралық ақпарат құралдары, шығармашылық ұйымдар, мәдениет, білім беру жүйелері қатысуы тиіс.

Біздің Отанымызды қорғау ісі - Қазақстан Республикасындағы бар халықтың ісі. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері және қорғаныс туралы» заңда Отанды қорғау мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету ҚР азаматының мемлекет және халық алдындағы Конституциялық міндеті және борышы болып табылатыны нұсқалған. Қазақстан Республикасы Конституциясының 124 бабында ҚР  аумақтық тұтастығын  және тәуелсіздігін  қорғауды  оның Қарулы Күштері жүзеге асырады  деп атап көрсетілген.

Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы қалыптасқан тәуелсіз мемлекет ретінде өзінің әрі қарай даму жолымен сенімді қадаммен жүріп келеді. Қазақстан халқының басты байлығы – ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. 

Біздің елімізде жауынгерлік ерлік пен әскери қызмет ерекше құрметке ие. Отанымыздың тәуелсіздігін қорғау, мемлекеттің шекарасын күзету, халықтың тыныштығы мен әл-ауқатын қорғау – ерекше абырой мен сенім.

Генерал-лейтенант

Абай Тасболатов


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"