Отандық өндіріс өнімдері Қазақстан Қарулы Күштерін қамтамасыз етпек

Осы айдың басты жаңалығы ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтің қатысуымен Қарағанды қаласында алғашқы қазақстандық оқ жасау зауытының іргетасының қалануы еді. Ұлттық қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ету, қазақстандық өнімді арттыруда осы сынды игі істер атқарылып жатыр.  Соның ішінде, еліміздің қорғаныс өнімдерін шығаруда көш басында тұрған  «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына тоқталмай кете алмаймыз. Құрамында 15 еншілес және 12 тәуелді кәсіпорны бар компания – Қазақстан Республикасының қорғаныс өнімдерін шығару, екі жақты мақсатта қолданылатын өнімдер мен азаматтық мақсаттағы машина жасау салаларында бірыңғай қаржылық, өнеркәсіптік және технологиялық саясатпен қамтамасыз ететін холдингтік жүйе.  Ол 2010 жылдан бастап ҚР Қорғаныс министрлігінің сенімді басқаруында. Содан бері елдің қорғаныс қабілетін нығайтып, өндірістік кешеннің дамуына қомақты үлес қосып келеді. Қашан да ҚР Қарулы Күштерінің сұранысын қамтамасыз етіп келе жатқан оның еншілес кәсіпорындарында да жаңалықтар жетерлік.

Еліміздің Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов қатысқан бұл игі іс

ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысының тапсырмасы бойынша қолға алынған болатын. Наурыздың 14-і күні іргетасы қаланған зауытта келешекте ҚР Қарулы Күштерінде анағұрлым сұранысқа ие 5,45*39 мм, 7,62*54 мм, 9*18 мм, 9*19 мм калибрлі патрондарды өндіру жоспарлануда.

Арнайы экономикалық аймақтың аумағында барлық инженерлік коммуникациялар, авто және теміржол көлігі бар. Құрылыстың жалпы ауданы 26 400 шаршы метрді құрайды. Құрылыс жұмыстарын аяқтау мерзімі 2017 жылдың желтоқсан айында деп жобаланып отыр.

«Оқ жасау зауыты ұзақ жылдар бойы ел ішінде шикізат пен материалдар тасымалдауға сұранысты тұрақты қамтамасыз етеді. Жез сияқты қорытпаның 300 тоннасын қолдану аймақтағы мамандандырылған кәсіпорынның жұмысын жандандырады. Арнайы экономикалық аймақ тәртібі жағдайында да қазақстандық патрон зауыты салық түрінде өңірдің бюджетіне жылына 680 млн теңге қаржы түсіреді. Бұл біздің ең қарапайым болжам» - дейді «Казтехнологии» АҚ басқарма төрағасы Медер Маселов.

Аталған өндірістің жұмысы Қазақстанның ұзақ мерзімді атыс қару-жарағының оқ-дәрілерін өндіретін елдер қатарына енуіне мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде «Казтехнологии» АҚ зауыт өнімін экспорттау бойынша келіссөздер жүргізілуде.

 

Жаңа кемелер – жаңа мүмкіндік

 

Ал, отандық әскери өнімдерді шығаратын «Қазақстан инжиниринг» АҚ еншілес кәсіпорындарынан ауызға алғаш ілігері – іргетасы 1941 жылы қаланған «Зенит» зауыты. Бұл кәспорын тәуелсіздік алғаннан бері кеме жасауға машықтанып келеді. Яғни, 1993 жылдан бастап оның негізгі қызметінің бірі өнеркәсіпте катерлер мен кемелер жасау болды. Осы уақыттар ішінде 240 тоннаға дейін су ығыстырғыш катерлер мен кемелердің сериялық өндірісін игеріп, ҚР ҰҚК ШҚ үшін 100М «Сұңқар-М» жобасының 4 катері, 0200М «Бүркіт-М» жобасының 7 катері, 0300 «Барс» жобасының 4 катері, FC19 жобасының 4 шапшаң жүретін патрульдік катері, 0210 «Айбар» жобасындағы шапшаң жүретін патрульдік катерінің басты нұсқасы және тағы басқа да зауыттық кемелерді жасап, шығарды.

Осы ретте ҚР Қорғаныс министрлігі де  тың тұрпаттағы кемелер жасауға кәсіпорынға тапсырыс берген болатын. Соның нәтижесіндей, осыдан екі жыл бұрын ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-теңіз күштеріне арналған 250 «Барс-МО» («Қазақстан», «Орал», «Сарыарқа») жобаларының 3 ракеталы-артиллериялық кемесі суға жіберілді. Су ығыстырылымдығы 240 тонна болатын «Сарыарқа» зымыран-артиллериялық кемесі қазіргі заманғы қару-жарақпен, радиотехникалық құралдармен жабдықталған болатын. Кеменің ұзындығы 42 метр, ені  7-8 метр шамасында, жылдамдығы - 25-30 түйін, жүзу қашықтығы 1200 миль еді.

Осы жылы «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың құрамына кіретін кәсіпорын 600 тоннаға дейінгі салмақтағы кемелерді шығаруға ниетті. Аталмыш зауыттың қызметкері Асылзада Шушамаева: «біздің зауыт осы кезеңге дейін 250 тоннаға дейінгі  су ығыстырғышы бар кемелердің 23 бірлігін шығарғанбыз. Қазіргі уақытта  болашақта таза салмағы 600 тоннаға дейінгі  кемелер өндірісін игеруді мақсат тұтып отыр. Соның ішінде, көп атқарымдық кемелерді,  су үстінде өздігінен жүретін зертханаларын, сүйреу кемелерін, келешекте вахталық ауысымы бар, іздестіру-құтқару, сонымен қоса, техникалық флоттың басқа да қосымша кемелерін шығаруды  көздеп отырмыз», -деді.

Сондай-ақ, зауыт қызметкерінің айтуы бойынша, жаңа кемелердің шамамен ұзындығы – 51 метр, суға батымдылығы – 2, 73 метр, жылдамдығы шамамен 12 түйін болады. Оның өзгешелігі,  қалындығы 0,6-0,8 метрлік мұздарды жайымен жарып өтеді. Ал, жалпақтығы – 9,5, су ығыстырғышы – 720 тонна, теңізде жүру қасиеті 7 баллға дейін екен. Өлшемі бойынша бұл корабльдер Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің жарақтандыруында тұрған таза салмағы 220-250 тоннаны құрайтын корабльдерден 2-3 есеге үлкенірек болмақ.

Мұнан өзге, келешекте елімізге көрші ресейлік қорғаныс және кеме құрастыру кәсіпорындарының делегациясы арасындағы келіссөздер арқылы  жаңа «Алатау» кораблі жеткізілмек. Негізгі жабдықтың құрастырылымы аяқталып қалған аталмыш мина-тартқыш кораблінің ағымдағы жай-күйі және құрылыс барысымен екі елдің өкілдері танысып қайтты.  Бүгінгі таңда мина-тартқыш корабльде қабылдау-тарату сынамаларын өткізу жөніндегі жұмыстар атқарылып, навигациялық жабдықтың, байланыс құралдарының, артиллериялық қару-жарақ пен электр техникалық жабдықтың, қорғаныс жүйелерінің, дабылдама мен автоматиканың құрастырылуы аяқталуда.  Корабль базалардың су айдынын, кемежайларды, фарватерлер мен жағалау жиегін минаға қарсы қорғау үшін арналған. 


Штабтық машиналар еселенеді

Қазақстанда жүк автомашиналарын өндіруде көш бастап келетін «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ – қоғамымызда теміржол, жол құрылысы, ауыл шаруашылығы мен т.б.салаларын дамытып отырған әлеуетті құрылым. Ол –жүк машиналарын, самосвалдар мен КАМАЗ шассиіндегі арнайы техниканы құрастыру бойынша Көкшетаудағы ірі бірлескен қазақстандық-ресейлік кәсіпорын.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың құрамына кіретін «КАМАЗ инжиниринг» АҚ  былтыр ҚР Қарулы Күштеріне штабтық машиналар мен тіркемелер жеткізіп берген еді. Осындай игілікті іс биыл да қолға алынбақ. Осылайша, биыл тіркемесі бар техникамен өндірісіміз тағы еселенбек. 

 Бұл жайында «КАМАЗ инжиниринг» АҚ  инженер-технологы Марат Бектасов былай дейді:  « Біз ашылғаннан бері ҚР Қарулы Күштеріне арнайы түрлі машиналар жасаймыз. Айта кетсек, штабтық машиналар және штабтық тіркемелер. Былтырғы жылы оның 10 шақты түрін ведомствоға жеткіздік. Бүгінде зауыт тіркемесі бар жаңартылған штабтық машиналарды құрастыру жобасын іске асыруды жоспарлап отырмыз. Техникалық ерекшеліктерін назарға алып, әзірлеп қойдық.  Қазіргі кезде бұл жоба ҚР Қорғаныс министрлігінде қаралуда. Ол қаралып, келісімге келгеннен кейін тіркемесі бар машиналар жеткізіле бастайды».

Инженер-технологтың айтуынша, штабтық машиналар арнайы жабдықталған, тасымалдауға арналған. Сол жабдықтарды іске қосу, пайдалану жұмыстарын қамтамасыз етеді. Олар далалық жағдайларда командалық құрам лауазымдағы адамдарға ыңғайлы, жеке құрамды басқару үшін жасалады.

Орташа есеппен алғанда оның жылдамдығы – сағатына 90 км, толық массасы – 21600 кг маңайында. Ол осы шоссеге қойылған арнайы қондырғының массасына байланысты ауысып отырады. Штабтық машина жөндеуге де, қолданысқа да қолайлы. Әсіресе, далалық жағдайларда жөндеп жүре беруге болады. Әлемдік нарықта  жақсы бағаланған автомобиль.

 Жалпы, 2005-2015 жылдар ішінде «КАМАЗ инжиниринг»АҚ еліміздің қорғаныс саласының мұқтаждығы үшін  әртүрлі арнайы техникаларды игерді.  Барлық дерлік, зауыттың өндіретін өнімі республиканың ішкі нарығында іске асырылады. 

 

Теңіз түбіндегі миналар шығарылмақ

 

Тағы бір осы АҚ қарасты «ЗИКСТО» АҚ  кәсіпорны Петропавл қаласында, ірі темір жол торабында орналасқан. Бұл өндіріс орны Ресей Федерациясының және Қазақстан Қорғаныс министрлігінің арнайы тапсырыстарын, соның ішінде әр алуан түрленімдегі миналар, теңіз қаруын сақтау мен тасымалдауға арналған контейнерлер, автомобильдік техникаларды жөндеуге арналған  МТОР-АТ (АТҚК-АЖ жылжымалы шеберханасын және тағы басқа да өнімдерді шығарумен айналысады.

ЗИКСТО» АҚ қазақстандық зауыты Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштері үшін теңіз түбіндегі миналарды шығаруға дайын. Бірінші кезеңде кәсіпорын еліміздің ӘТК үшін төрт тәжірибелі үлгіні әзірлеуді ұсынып отыр. «Бүгінгі күні шартты қарсылас десантының түсіруінен Каспий теңізінің су айдынын қорғау тұжырымдамасы мәселелері талқылануда. Мұнда зауытымыз өндіретін үлгілер қолданылады. Әлбетте, біз оларды толық пысықтаймыз. Сынамадан кейін пысықтау кезінде Каспий жағалауларын қорғау үшін аталмыш үлгілерді пайдалануға болады», - дейді «Зиксто» АҚ-тың бас директоры  Валерий Спицин. Осы бағыт шеңберінде зауыт басшылығы мен ҚР Әскери-теңіз күштерінің қолбасшылығы арасында бұдан бұрын сынамадан өткізу және жеке құрамды теңіз миналарын пайдалану ережелеріне оқыту үшін миналарды ықтимал дайындау туралы келіссөздер жүргізілген болатын. Оң шешім болған жағдайда кәсіпорын өнімнің аталған түрін әрі қарай сериялық өндіру үшін бұйымдарды толық пысықтау жөнінде жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр.   Кәсіпорын басшылығының айтуынша, қазіргі уақытта ҚР Қорғаныс министрлігі және «Қазақстан инжинирнинг» АҚ-пен өзара ынтымақтастығымыздың арқасында зауытпен жұмыс жүргізіліп, 2015 жылы осы миналардың екі үлгісін жеткізуге Ресей Федерциясымен келісімшартқа қол қойылды.   Теңіз түбіндегі миналар – бұл теңіз миналарының бір түрі. Олар теңіз түбіне орнатылады және миналар үстінде өтетін магниттік, акустикалық немесе кеменің өзге де  физикалық алаңының әсер етуінен іске қосылады.


KADEХ» көрмесіне ұсынылады

 

Тағы бір айта кетерлік жайт, биыл әлемдік жетекші мемлекеттердің өнімдерін ұсынатын «KADEХ-2016» халықаралық қару-жарақтар көрмесінде әскери мақсаттағы өнімдеріміз (тікұшақтар, ұшу тренажерлері, электрондық-оптикалық аспаптар) ұсынылмақ. Көрмеге қатысушылардың бірі ЕС-145 тікұшақтарын құрастыру мен қызмет көрсетуді жүзеге асыратын «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС кәсіпорны «KADEХ» көрмесінде көзтартарлық үлгі ЕС-145 ұшу тренажерды ұсынуды жоспарлап отыр.  «Аталмыш жабдық пилотаждау және навигациямен байланысты барлық негізгі тапсырмалар бойынша ұшу құрамын оқыту және қайта даярлауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - дейді бастапқы оқыту нұсқаушысы Андрей Феофанов.
«KADEХ-2016» көрмесінің қатысушылары мен қонақтарының өнімге баға беретін келесі отандық кәсіпорын ол  – «Қазақстан ASELSAN инжиниринг». Зауыт түнгі және күндізгі көрудің электрондық-оптикалық аспаптарын, жылу визорларды, оптикалық көздеуіштерді, электрондық жазықтарды, тұрақтандырылған қашықтықтан басқарылатын жауынгерлік модуль мен инфрақызыл оптиканы шығарумен айналысады.
«Қазақстан ASELSAN инжиниринг» ЖШС бас директорының орынбасары Абиюрдың айтуынша, өз өнімдері мен авиониканы, броньды техниканы жаңғырту сияқты перспективалық жобаларды көрсетпек.
Міне, осындай өнімдерімен «KADEX-2016»  халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесіне қатысатын әлемнің әр еліне өндірісімізді паш етпекпіз. Бұл игі жетістігімізден де отандық қорғаныс кәсіпорындары кешенінің ҚР Қарулы Күштеріне қосқан үлесі байқалады. Жаңа кемелердің шамамен ұзындығы – 51 метр, суға батымдылығы – 2, 73 метр, жылдамдығы шамамен 12 түйін болады. Өзгешелігі, қалындығы 0,6-0,8 метрлік мұздарды жайымен жарып өтеді. Ал, жалпақтығы – 9,5, су ығыстырғышы – 720 тонна, теңізде жүру қасиеті 7 баллға дейін. Өлшемі бойынша бұл корабльдер Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің жарақтандыруында тұрған таза салмағы 220-250 тоннаны құрайтын корабльдерден 2-3 есеге үлкенірек болады.

Тіркемесі бар штабтық машиналардың жылдамдығы сағатына 90 км, толық массасы 21600 кг маңайында. Ол осы шоссеге қойылған арнайы қондырғының массасына байланысты ауысып отырады. Штабтық машина жөндеуге де, қолданысқа да қолайлы. Әсіресе, далалық жағдайларда жөндеп жүре беруге болады. Ол – әлемдік нарықта  жақсы бағаланған автомобиль.

 Биыл «KADEХ-2016» халықаралық қару-жарақтар көрмесінде отандық әскери мақсаттағы өнімдер: тікұшақтар, ұшу тренажерлері, электрондық-оптикалық аспаптары ұсынылады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"