Мәңгілік елдің - мәңгілік білімі

Мәңгілік  елдің  -  мәңгілік  білімі, терең  ойланып  көрдіңіз  бе? Ел де  мәңгілік,  білім  де  мәңгілік  болуы керек,  басқалай  жасауға  құқығымыз  жоқ.  Себебі,  бұл  менің  елімнің, Қазақстан Президентінің қойған  талабы. Ол – болашағыңның  бастауы, өміріңнің  өрісі. Ендеше, мен  өзімнің ойымды осы  мәселелермен  өрбіткенеді жөн көрдім.

Халқымыздың тарихына үңілсек, “тар жол, тайғақ кешкені”, тағдырдың тарам-тарам жолдарында тауқымет көргені, бодандықтың бұғауында болғаны мен сияқты оқу орны қабырғасындағы курсанттың да, үлкеннің де есінде. Қазақ қашан да аузы дуалы, келешекті көре білетін, көсем де шешен екені бесенеден белгілі жайт. Тәуелсіз Алашым, қалай айтсақ та жарасады, мейлі ұлы дала елі болсын, мейлі мәңгілік ел болсын соған лайық ғұмыр кешті, мақтауға тұрарлық әрекет жасады. Елді сақтап қалды, ұрпағына аманат қалдырды. Қылышынан қан тамған заманда, қараңғы халықтың санасына күн болып сәулесін құйып, білім дәнін еккен ақын-жазушыларымыз болғанын айқайлап тұрып айта аламыз. Алаштың ақтаңгер азаматтары, арыстай Ахмет атамыз, «Оян,қазақ!» деп ұран салған Міржақып, сәні жарасқан Сәкен, ұлы суреткер Әуезовтің өзі таңданған Мағжан аталарымыздың қазағының көзін ашудағы еңбектерінің теңдесі жоқ қой! Әсіресе, өмірі басталмай жатып үзілген, өлең сөздің сұлтанына айналған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың :

                                       

Қараңғы қазақ көгіне,

Өрмелеп шығып, күн болам!

                                        Қараңғылықтың кегіне,

Күн болмағанда, кім болам?-

деуі нағыз патриоттықтың асқақ бейнесі екендігіне кім күмән келтіре алады? Осы ғажайып сөздер менің жаныма ерекше рух береді. Мен   де ұлтымыздың болашағы үшін, алпауыт елдермен терезесі тең болу үшін, озық отыз елдің қатарына ену үшін, білімді де саналы, өз елін сүйетін нағыз патриоты болуыма еш нәрсе кедергі келтіре алмайтынын жақсы білемін. Барлығы да жастардың өз қолында. Қазақ халқының дамуына өз үлесімді қоса алсам, міне, сонда ғана нағыз ел алдындағы борышымды өтер едім деп ойлаймын, әрине, бұл мақсатыма жетемін де.

Елбасымыздың айтқан әрбір жолдауы, бағдарламалары - бәрі біз үшін жасалып жатқан жағдай. Мысалы, «Абай және ХХI ғасырдағы Қазақстан» ,   «Нұрлы жол», «Ұлы даланың жеті қыры» секілді мақалалар мен сарабдал жолдаулар бізді қанаттандырады. Тәрбие тал бесіктен, мектеп қабырғасынан берілетіні сөзсіз. Сондықтан, жақсының барлығын бойға сіңіріп алып қалуға тырысып жүрмін. Бірінші - тәрбиелі болу, екінші - білім алу.    «Білім - өмірлік наның» - деп әкем де үнемі айтып отырады. Сол білімді тегін беріп жатқанда құмарыңды қандырып неге ішпеске? Ақын болмасам да ақындарға жақын болғандықтан,   әр сөздің    мағынасын терең танып, жарығымен нұрланып жүрген жанмын. Мәңгілік елдің - мәңгілік сарқылмайтын білімінен сусындап,   біліміммен болашағымды жасаймын. Өзіммен бірге оқып жүрген достарыма да осыны айтамын, олар да еліміз үшін еңбек ететініне сенемін.   

Көреген Елбасымыздың жүргізген саясаты, бүгінгі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың сарабдал жолы, текті осындай қазақ халқымыз ел көркеюі жолында жұмыла әрекет қылуы, елдің жастары мен бүлдіршіндеріне еш алаңсыз білім алуға мүмкіндік беріп отырып, осындай бастамалар арқасында біз болашақ зор тәуелсіз қазақ елінің ертеңі жолында осындай жолдама ие болып, шетелде әскери оқу орнында білім алып жатқанымызды мақтан етеміз, мәртебе көреміз. Осы киелі шаңырақ менің адам болып, азамат болып қалыптасуыма жол салуда, жүрегіме патриоттық сезім ұялатуда. Ертеңгі Ел қорғаны болудың жауапкершілігін санама саялатуда. Сырлы сөздің мағынасын түсіндіріп, сәулелі нұрын сеуіп, өлең-жырға жақын болуыма әсер етуде. Тағы да айтарым, ендігі менің бар арманым - ұлттық құндылықтарды сақтап, бабалар аманатын орындау, тілім мен дінімді құрметтеу, еліміздің   абыройын асыру.

«Білекке сенер заманда,

Ешкімге есе бермедік.

Білімге сенер заманда,

          Ешкімнен қалып көрмедік» -

дей келе, тағы да жүрегімнің тебіренісін, көңіл толқынындағы тербелістерді өлең өрнектерімен   ары қарай жалғастырып,   жазып отырған тақырыбымның түйінін айтсам деймін:

                

Болған соң уақыт аз, күн де тығыз,

                  Болашаққа бұрылсын шын бетіміз.

                Елбасымыз бастаған нұрлы жолды,

               Жалғастыру - ол біздің міндетіміз!

 

                 Ешкіммен қырғын салып егеспедік,

        Тату-тәтті ел болып елестедік,

                Бұрынғы батыр туған бабалардың,

                                            Білімді балалары емес пе едік.

 

               Қашан да жамандармен күресеміз,

                                           Кетпеу үшін басқаға шын есеміз.

                   Күн сайын, талап қылып білім іздеп,

                                           Біз осылай заманға ілесеміз.

 

             Алтынға да бір күні жетер құным,

                Көңілімде болмасын бекер мұңым.

                     МӘҢГІЛІК БІЛІМІМІЗ дәлелдейді,

                     Қазақтың   МӘҢГІЛІК ЕЛ екендігін!

 

Тәуелсіз қазақ елінің отыз жылдық мерейтойын ел болып абыроймен атап өтіп, мерейіміз үстем болсын, шығармашылық жұмысымды қорытындылай келе, “бір Алласы бар, екі дүниесі бар, үш жүзі бар, төрт құбыласы бар, бес уақыт намазы бар, алты алашы бар, жеті қазынасы бар, сегіз серісі бар” осынау байтақ даланы мекендеген қасиетті, қастерлі қазақтай халықтың ұлы болғанымды мақтан етемін!


 

Курсант Мұхамет Нұржанат, Ресей федерациясы, Мәскеу қаласы




Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"