Күншуақ елін аман алып қалған Әйел-Ана

Ә дегеннен-ақ бала күнімізде естіген ана туралы тәмсіл есіме түсіп тұрғаны. Сөзімді осыдан бастайын.

«Ерте кезде ғажайып бір өлкеде мамыражай тірлік кешкен, кішісі үлкенін сыйлаған, үлкені кішісіне қамқор болған, ер көңілді жігіттері, ақылына көркі сай ару қыздары бар, ынтымағы жарасқан Күншуақ деген ел болыпты. Сол елдің айрандай ұйыған тіршілігін көре алмаған, түгін тартса, майы шығатын жеріне қызыққан жау тұтқиылдан шабуыл жасап, қапыда қалған жұртты тұтқын қылып, кіріптарлыққа ұшыратады. Тас қамалдағы тұтқындарға жау ханының жарлығы жеткізіледі. Бірақ оның түпкі ойы елдің еңсесін түсіріп,  мүлдем тоздырып, өзіне түбегейлі бағынышты ету болатын. Жұртты кіріптар еткісі келген оның қулық жасырынған жарлығына сол елден шыққан Әйел-Ана тосқауыл болады.  Сөйтіп, хан сөзінің екі болмайтынын алға тартып, ақылымен, тапқыр шешімімен Әйел-Ана тұтқынға түскен түгел жанды бостандыққа алып шығыпты. Осылайша,  Әйел-Ананың ақыл-парасатының арқасында Күншуақ елі аман қалыпты. Әйелді бұрын да қадір тұтатын Күншуақ елінің осы оқиғадан кейін Әйел-Анаға деген сый-құрметі тіпті ерекше болыпты. Тіпті халықтың ең асыл мұрасы тіл болса, оны да, «Ана тілі» деп, Әйел-Ананың ақ сүтінен даритын құдірет-қасиетке балапты».

Бала күнімізде жадымызға жатталған әңгіменің төркіні – осы. (Оны жазушы Ақселеу Сейдімбектің «Әйел-Ана» ертегісі екенін кейін білдік)

Сол кезде осы тәмсіл арқылы санамызға саңылау боп жеткені – әрине, ананы ардақтау, әйел затын құрмет тұту. Содан да болар, көшеде аяулы жандар кездесіп жатса, жолдарын кеспей, ізеттілік танытып, жарқын амандасып, ілтипатымызды білдіріп жататын едік.

Осындай ана хақында аңыздар мен тәмсілдерді түйсінген әр адам бүгінде ізгілікті қоғамда өмір сүріп жатыр. Бір біз емес, аға буын, орта және кейінгі буын өкілдері де ана қадірін біледі, әйел затын құрмет тұтады, оларға құрмет-қошеметін де аямайды.  Бұл бүгінгі күнде дәстүрлі үрдіске айналған.

Міне, көктемнің алғашқы лебімен келіп жеткен тағы да мерейлі шақ.  Бұл сәтті, әрине, мерекенің мәні мен сәніне айналған сұлу да сымбатты асыл жандар тағатсыздана күтетіні жасырын емес. Солардың арасында сап түзеп, әскери өмірдің ыстық-суығына төзіп, ер адамдардан қалыспай, жауапкершілік жүгін арқалап жүрген осы саланың қыз-келіншектері бар.
Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"