Әскердегі әйелдер: бола берсін көп, мейлі!

Ф.М Достоевскийдың  «Сұлулық әлемді құтқарады» деген тәмсілі бар. Бұл сөз кімге және қандай жағдайда айтылғаны бізге беймәлім. Бірақ, орыс ойшылының бұл айтқаны біздіңше қарулы күштер қатарында жүрген, әскерді көрген, соғысқа қатысқан, қанды шайқаста болған батыр қыздарға қаратылып айтылғандай. Бүгінде өзге елмен қатар, Қазақстан Қарулы Күштерінде де нәзікжандылар саны өсіп келеді.

Бізде қалай?

Қазақстан Қарулы Күштер сапында ерлермен қатар қыз-келіншектердің әскери қызметін өткеріп жүргені баршаға аян. Алысқа бармай жылда өтетін әскери парадтан мұқым жұртшылық көріп-ақ жүр. Әскерде жыл өткен сайын әйел затының қатары көбейіп келеді.  2010 жылғымен салыстырғанда әскери қызметтегі әйелдер саны 1 мыңға артқан екен. Мәселен, 2013 жылғы дерек бойынша Қазақстан Қарулы Күштер қатарында 8 мыңнан астам қыз-келіншек қызмет атқарған. Оның 750-і офицер санатындағылар. Олардың арасында 4 полковник, 30 подполковник, 120-дан аса майор болған. Бұл көрсеткіш 2015 жылы біршама ұлғайған. Яғни, өткен жылғы санақ бойынша 8,8 мыңдай әскери қызметші әйелдер қызмет атқарады екен. Оның 868-і офицер, 12-і полковник, 31 подполковник, 145 майор, 256 капитан, 277 аға лейтенант, 147 лейтенант. ҚР Қарулы Күштерінде келісімшарт бойынша әскери қызметтегі әйелдердің 7924-і сержант және жауынгер құрамында. Көбіне-көп әскери қызметші әйелдер іс-қағаздар жүргізу, байланыс, мекемелердің психологі, қаржы маманы, медицина қызметтерін атқарады. Бұдан бөлек, мергенші және парашютші қыздарды да көптеп кездестіруге болады.

Сұхбаттардың бірінде ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев әскерге келуге ниетті әйелдер санының көп екендігін айтқан.

- Әйелдер әскерге келуге ынталы. Дегенмен, оларды орналастыратын қызмет тізімі шектеулі. Сол себепті, олардың барлығын қабылдауға мүмкіндік жоқ. Және біздің елде израильдік әскерге қарағанда тәртіп аса қатаң емес, - деген болатын генерал-лейтенант Мұрат Майкеев.

 

Өзге елде қалай?

Израильдегі қыз-келіншектер әскерге 24 айға шақырылады

Израиль демекші, әскерге қыз-келіншектерді қабылдайтын бірден-бір ел сол Израиль екен. 1948 жылы Израиль өзінің тәуелсіздігі үшін күресте әйелдер қауымы белсенділік танытып, ерлермен қатар қанды шайқасқа қатысқан. Содан бері сол елдің азаматтары (ұл, қыз болсын) міндетті түрде 18 жасқа толғанда ер-азаматтар 36 айға, қыздар 24 айға әскерге шақырылады.

Норвегияда әскерге 18 жасқа толған қыздар міндетті түрде шақырылады

Жуырда норвегиялық парламент әскер қатарына шақырылу ер адамдар үшін ғана емес, әйелдерге де міндетті болатын заңды мақұлдады. Бұдан былай 1997 жылы және одан кейін дүниеге келген қыздар 19 жасқа толғанда Норвегияның қарулы күштері қатарында қызмет етуге міндетті. Әйел адамдар 2016 жылдың ортасына дейін әскерге міндетті түрде шақырылатын болады. Негізінде сол елдің әйелдер қауымы 1976 жылдан бері өз еркімен әскерге қабылданып келді.

Италияда әйелдерге әскери іс-қимылдарға қатысуға рұқсат берілген

Әскерге өз еркімен келген әйелдерді НАТО мемлекеттері арасындағы ең соңғы болып  қабылдаған мемлекет ол  Италия. Есесіне, 1999  жылы ең алғашқылардың бірі болып әйелдерге арнайы бөлімге кіруге және әскери іс-қимылдарға  қатысуға  рұқсат берді.  Сондағы жалпы армияның 7 пайызын құраған әйелдер қауымы Иракта, Ливанда, Ауғанстанда соғысты.

Пәкістанда әскери әйелдер бөлімі құрылды

Ислам мемлекеттері ішіндегі әйелдерді ұлттық әскердің барлық санатына алатын тек Пәкістан ғана. Ал, 2013 жылы арнайы әскери әйелдер бөлімі құрылған болатын. 

Әскери операцияларға 300 мыңнан астам әйел қатысқан

Америка Америка болғалы бері әскерде әйелдер қызмет атқарып, ұрысқа қатысып, көбі қанды шайқаста көз жұмған. 1970 жылдан бастап әйелдерге әскери академияларда білім алуға, артынша әр әскери бөлімдерде қызмет атқаруға мүмкіндік берілді. 2004 жылы 12 әйел заты генерал және адмирал атағын алған. Ирактағы және Ауғанстандағы әскери операцияларға америкалық 300 мыңнан астам әйел қатысқан.

Әйел адам қорғаныс министрі қызметін тізгіндеді

         2013 жылдың желтоқсан айында тарихта алғаш рет Германияның  қорғаныс министрі қызметіне әйел адам Урсула фон дер Ляйен отырды.

Тағы дерек

         АҚШ- әйелдерге арналған әскери музей бар. Әйелдерге арналған әскери музей – әлемдегі жалғыз әрі бірегей музей болып табылады. Музейде танымал әйелдердің батырлық тарихымен танысуға болады. Мәселен, азаматтық соғыстың белді мүшесі Кэти Уильямс есімді батыл ару қоғамға Уильям Катэ атты ерлерге тән есіммен танылады. Оның заманында нәзікжандыларға әскерге баруға рұқсат жоқ болғандықтан ол өзін ер адам ретінде таныстырып, қатардағы жауынгердің формасын киген.

Сөз соңы

         Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ұрысқа қатысқан әйелдер саны әдеттегіден көбейе түскен екен. Соның арасында қазақтың Әлия мен Мәншүгі, Хиуаздай қыздары болған. Бүгінде қорғаныс саласында қызмет еткісі келетіндердің қарасы көп. Мұқағалише айтсақ, «...Бола берсін көп, мейлі!».

Арай Сүгірбай


Cвязанные новости:

Танкішілер

Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"