Армияның үздік арулары анықталады

Әйел әскери қызметшілер арасында екінші мәрте ұйымдастырылып отырған «Батыр арулар» байқауы баршаға белгілі сұлулық байқауларынан едәуір ерекшеленеді. Бұл сайыста қатысушылар сыртқы сымбатынан бөлек, дене даярлығын, қаруды пайдалана білу шеберлігін және нағыз кедергілер жолағынан қалай өтуді көрсетеді. Ақпан айынан ҚР Қарулы Күштеріндегі қыз-келіншек әскери қызметшілер арасындағы байқау басталды. Осы жылы да қазақстандық армияның он екі үздік нәзік жанды аруы таңдалатын болады.

Алғашқы «Батыр арулар» республикалық байқауында өмірлерін Отанға қызмет етуге сарп еткен әйелдер өздерінің шынайы жоғары қабілеттерін паш еткен еді. Қатысушылар өтінім бергеннен бастап, шешуші кезеңге дейін көп замандастарының шамасы келмейтін сынақтар арқылы үлкен асулардан өткен. Олар оқ атты, граната лақтырды, әртүрлі кедергілерді еңсерді, өзеннен жүзіп өтті, қуатты жауынгерлік машиналарды тізгіндеді. Бірінші байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен өтінім білдірген 123 әйел әскери қызметші қатысты. Қырық күндік онлайн дауыс беруде конкурсанттарға 255 725 дауыс берілді. Байқау қазақстандықтардың арасында ғана емес, сонымен бірге өзге ел тұрғындары арасында да қызығушылық туғызды. Дауыс беруге Ресей, АҚШ, Германия, Индонезия және Үндістанның пайдаланушылары белсене атсалысты. Нәтижесінде, сынақтан сүрінбей өтіп, өздерінің жауынгерлік әзірлігін, төзімділігі мен күшін дәлелдеген Қазақстан Қарулы Күштерінің лайықты өкілдері болып 12 жеңімпаз анықталды. Соңында қыз-келіншектер кәсіби стилистердің қолынан сәнденіп, мамандандырылған күнтізбеге арналған фотосессияға түсті.

Биылғы додаға ақпаннан бастап өтінімдерді қабылдау басталды. 25 наурызға дейін байқауға қатысуға ниет білдіргендер сауалнаманы толтырып, өзі және Қарулы Күштер қатарындағы әскери қызметі туралы әңгімелеп береді.  Екінші кезең Қорғаныс министрлігінің «www.mod.gov.kz» ресми сайтында ашық дауыс беру арқылы жалғаспақ. Ол 1 сәуірде басталып, 15 маусымда аяқталады. Былтырғыдай, барынша көп дауыс жинағандар байқау жеңімпаздары болады.

Бүгінде ұйымдастыру комитетіне түскен өтінімдердің саны 200-ден асып, рекордтық көрсеткішке жетіп отыр. Өткен жылы бұл сан 4 есеге кем болған. «Осы жылы қазақстандық армияның қыз-келіншектеріне арналған «Батыр арулар» байқауына қатысу үшін өтінімдер Қазақстанның барлық өңірінен келіп түсуде. Сержанттар мен офицерлер, сарбаздар мен полковниктер – барлығы Қарулы Күштердегі қызметі, әйел әскери қызметшілер өмірінің ерекшеліктері туралы айтып беруге ерекше құлшыныс білдіріп отыр» дейді байқау ұйымдастырушылары.

Байқауға қатысушылардың бірі подполковник Айсара Жолмағанбетова Қарулы Күштерде 20 жылдан бері қызмет етуде. Ол М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен әскери кафедрасын қызыл дипломмен аяқтап, «лейтенант» атанған. Төрт баланың анасы 25745 әскери бөлімінде қызмет атқарады. «Менің ойымша, армиядағы әйелдер ерлермен иық тірестіріп қызмет өткеруде. Бізге ер әскери қызметшілер сияқты өзіміздің жауынгерлік даярлығымызды дәлелдеуге тура келеді» дейді ол. 
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"