«KADEX-2016» көрмесінің алғашқы күнінің қорытындысы

«KADEX-2016» көрмесі алғашқы күнінің қорытындысы бойынша оның маңызды құрамдасы іскерлік  бағдарлама болды. Аталған бағдарлама барысында шет елдерінің қорғаныс ведомстволарымен шарттарға қол қойылды.

Биылғы жылы 20 кәсіпорынмен ұсынылған «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ  Украина және Беларусь Республикасымен 3 маңызды келісімшарт жасасты. Сонымен, қазақстандық жылу визиялық камераларды Беларуське экспорттау жоспарлануда. «КАЕ» қазақстандық компаниясы белоруссиялық «Пеленгке» оларды әрі қарай көздеуіш кешендеріне орнату үшін жылу визиялық камераларын жеткізуге ниет білдіріп отыр. «КАЕ» ЖШС бас директорының орынбасары Әбиюр Алшымбаев пен «Пеленг» ААҚ бас директорының орынбасары  Сергей Литвяков  «KADEX-2016»  халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінің алаңында өзара түсіністік туралы тиісті меморандумға қол қойды.  Украиналық «Мотор Сич» АҚ «Қазақстандық авиациялық индустрия» (ҚАИ) ЖШС-ға Ми-20 және Ми-8 тікұшақтарын жаңғырту және Ми-8 тікұшақтарына арналған қозғалтқыштарды күрделі жөндеу бойынша технологияларды береді.  Тиісті лицензиялық келісімге «Мотор Сич» АҚ президенті Вячеслав Богуслаев пен «ҚАИ» ЖШС бас директоры Қайрат Жауханов қол қойды.  Одан басқа, бейсенбі күні «ҚАИ» ЖШС келешекте мұндай жұмыстарды АТО-да ұйымдастырумен белоруссиялық «558-авиажөндеу зауыты» АҚ-та Су-25 үлгісіндегі ұшақты күрделі жөндеу және жаңғырту үшін келісімшартқа қол қойды.  Қазақстандық «Қазтехнологиялар» компаниясы патрон зауытының болашақ өнімін жеткізу жөнінде БАӘ, Ұлыбритания және Болгариямен 3 меморандумға қол қойды.  Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштеріне арналған зымыран-артиллериялық корабльді сатып алу жөнінде «Диарсан» түрік компаниясымен меморандумға қол қойылды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"