«KADEX-2016» көрмесінде авиациялық техникалық орталық ашылады

Астанада авиациялық техниканы жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөнінде алғашқы көпбейінді кәсіпорын – авиациялық техникалық орталықтың салынуы аяқталуда.

«Еліміз үшін бұл отандық өндіруші, инженерлеріміз тұрғызған маңызды нысан. Құрылыстың аяқталуы жақындап қалды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 97 пайызға орындалды. Біз барлық ынта-жігерімізді  салудамыз және жоспар бойынша аяқтаймыз деп ойлаймын», - деді «Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС-ның құрылыс жөніндегі бас директорының орынбасары Сырымбет Сәдуақасов. Орталықтың алғашқы көрсетілімі «KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінде ұсынылады. Болашақта орталық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша анағұрлым кеңінен қамтуды жоспарлар отыр. «Ол жерде Ан және С-295 типіндегі әскери ұшақтарға техникалық қызмет көрсету жүргізіледі. Әрі қарай әлеуетті құрылымдардың ұшақтарын қабылдап алуды жоспарлаудамыз», - деді «Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС көліктік авиациясы әуе кемелерінің бөлім бастығы Қайыржан Құшанбаев. Орталықтың басшылығы өз кадрларын дайындауға үлкен мән беретінін айта кетейік. Ол үшін мамандар тобы Испаниядағы «Airbus Millitary» оқу орталығына, екінші топ Украинадағы «Антонов» мемлекеттік кәсіпорнына, ал 3-топ Израильге техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша меңгеру және тәжірибе жинақтау үшін оқуға аттанады. Орталықтың құрылысымен «Қазинжиниринг» ҰК» АҚ-тың еншілес кәсіпорны «Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС айналысады. Авиациялық орталықтың жалпы құрылысының ауданы 62 660 шаршы метрді құрайды. Бүгінде ҚР Қарулы Күштерінің мүддесінде ғана мүмкіндіктерді іске асырып қоймай, сонымен бірге өңірлік деңгейге шығуға мүмкіндік беретін бірден-бір орталық.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"