Семей қаласында әскерге шақырылушылар салтанаты өтті

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы, Семей қаласының қорғаныс ісі жөніндегі басқармасы, Семей қалалық әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің және тыл еңбеккерлерінің Семей қалалық кеңесі, Семей қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына қарасты жауынгерлік және еңбек Даңқы бөлімі өкілдерінің ұйымдастыруымен әскерге шақырылушылар салтанаты өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Семей қаласының қорғаныс ісі жөніндегі басқармасына жиналған қауым әскерге шақырылушы жастарға ақ батасын берді. Семсер сүйіп серт берген батыр бабаларымыздай антқа адал болып, ерліктің үлгісін көрсете білуге шақырды.

 Әскери өмірдің ауыртпалықтарын жеңе білу, жаңа ортаға қалыптасу, берік тәртіпке үйрену, әскери техниканы меңгеру, жауынгерлік құралдарды игеру – әр азаматтың борышы екенін түсіндірді. Отанды қорғауға лайық қайсар мінезді адам болуларына тілек білдірді. Шара соңында қонақтарға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы фольклорлық ансамблінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынды.  

   Дәстүрге айналған шараның басты мақсаты – әскер қатарына шақырылатын жастарға патриоттық тәрбие беру, қарт жауынгерлермен бетпе-бет жүздестіру, мерт болғандар есіміне тағзым етіп, ерлігін паш ету, әрі егемен елдің айбынды армиясының бүгінгі тыныс-тіршілігіне саяхат жасау.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"