Әскерге шақыру науқаны қалай жүріп жатыр?

Бауыржан ЛЕКЕРОВ, Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы:

-Қазіргі таңда 1989-1998 жылдары туған азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталып, белсенді жүргізілу үстінде. Науқандық шара желтоқсанға дейін жал­ға­сатынын айта кетейін. Мұнда біз әскерге мерзімді қызметке 700 азаматты жіберуге тиіспіз. Оның 240-ы Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарына алынса, қалғаны ҰҚК Шекара қызметіне, Мемлекеттік күзет қызметіне, Ұлттық Гвардияға жөнелтіледі.

Айрықша атап өтейін, ағым­дағы жылдың 1 қазанынан бас­тап Астана қаласы бойынша Қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен әкімдігі ұжымының ұйымдасқан ісінің арқасында Қазақстанда бірінші болып болашақ сарбаздардың алғашқы легін мерзімді қыз­метке аттандырды. 43 әскерге шақырылушыны «Отан-Ана» монументі алдындағы алаңнан Шекара қызметінің теңіз шептеріне, яғни Ақтауға ата-аналарымен, туған-туыстарымен, ел ағаларымен бірге салтанатты жағдайда шығарып салдық.

 -Болашақ сарбаздарды іріктеу, қай жаққа баратынын анықтау қалай жүзеге асады?

– Баршамызға белгілі, Елбасы – Қазақстан Респуб­ликасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қарулы Күштер сан жағынан көп емес, ұтқыр және шынайы ұрысқа қабілетті болуы тиіс» деген. Бұл тұрғыда, әскери бөлімдерге жөнелтілетін әскерге шақы­рылушылардың саны да көп емес. Жастарымыздың саны әскерлерді жасақтау үшін керекті мөлшерден жетіп артылады. Осыған байланысты «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» болатындар ғана таңдалуда. Ау­дандық, қалалық, облыстық маңызы бар қаланың әскерге шақыру комиссиясы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және Қазақстан Респуб­ликасы Қарулы Күштерінің тиісті түрі мен тегіне, басқа да әскерлері мен әскери құра­лымдарына тағайындау туралы шешім қабылдау кезінде олардың өндірістік біліктілігі мен мамандығын, денсаулық жағдайын ескереді. Осыған байланысты зымыран, авиация, броньды танк техникасын және радиотехникалық аппаратура шығарумен байланыс­ты ұйымдарда жұмыс істейтін әскерге шақырылушылар тиісті әскер түрлері мен тектерін жасақтауға жіберіледі. Ре­жимдік және арнайы бөлім­дерді жасақтау үшін көрсе­тілген командаларға алдын ала іріктелген әскерге шақыры­лушыларды ұсынамыз. Сол сияқты, аэроұтқыр әскерлерін жасақтау үшін кемінде жалпы орта білімі, жақсы дене бітімі бар және бірінші кезекте парашютші спортшылар қатарынан әс­керге шақырылушыларды іріктеу жүзеге асырылады. Рес­публикалық ұланды жасақтау үшін жақсы дене дайындығы, кемінде жалпы орта білімі бар әскерге шақырылушыларды басым тәртіппен іріктеу жүзеге асырылады. Жоғары білімі бар әскерге шақырылушылар оқу-жаттығу бөлімдеріне олардың біліміне және әскери даярлық бейініне ұқсас мамандықтар бойынша жіберіледі. Математика, физика және инженерлік-экономикалық факультеттерді бітірген азаматтар радиотехникалық, зениттік-зымыран бөлімдеріне, Қарулы Күштердің барлық түрлерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдардың байланыс бөлімдеріне шы­ғарып салынады. Ауыл ша­руа­шылығын механикаландыру және электрлендіру факуль­теттерін бітірген әскерге шақырылушылар танк, авиация, зениттік-зымыран бөлімдеріне және Төтенше жағдайлар министрлігінің азаматтық қорғаныс бөлімдеріне, Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлеріне жіберіледі.

Медицина және фармацевтика факультеттерін бітірген болашақ сарбаздарды Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиісінше кіші медициналық персонал лауазымдарына аттандырамыз. Оқу-жаттығу бөлімдеріне және сержанттарды, сарбаз мамандарды даярлауға арналған мектептерге кемінде жалпы орта білімі және жоғары моральдық қасиеттері бар әскерге шақырылушылар қатарынан қатаң дербес тәртіппен іріктеледі.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"