Әскери қызметшілер арасында нұсқаулық-әдістемелік сабақ өтті

Жамбыл облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде жергілікті әскери басқару органдары басшылары,  олардың орынбасарлары және келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді қабылдау және әскерге шақыру бөлімі мен бөлімшелері бастықтарының қатысуымен екі күндік нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өтті.

Онда Жамбыл облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы полковник Бақыт Әбдібаев: «Азаматтарды көктемгі кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңін сапалы, келеңсіз оқиғаларсыз, кедергілерсіз өткізу – бұл біздің алдымызға қойылған бірінші мақсатымыз», - деді. Ал,  ҚР Мемлекеттік күзет қызметі подполковнигі А.Төлебеков, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  Шекара қызметі капитаны Ғ.Иманбеков, ҚР Ұлттық Ұлан майоры Е.Миртаев әскерге шақырушыларды іріктеу кезінде  қойылатын  талаптарға тоқталып өтті.

Сондай-ақ, жергілікті әскери басқару органдарында сыбайлас жемқорлық, еңбек және әскери тәртіп құқық бұзушылықтарының алдын алу, діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру, жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында «Оңтүстік» аймағының әскери прокуратурасы, Тараз гарнизонының Әскери полиция бөлімі және ҚР Әскери тергеу басқармасы қызметкерлері, дінтану мамандары мен жергілікті әскери басқару органдары басшылары баяндамалар жасады.

Жиын соңында Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы полковник Б.Әбдібаев жеке құраммен ой бөліскен  лауазымды тұлғаларға алғысын білдіріп, болашақта ары қарай оқиғалардың алдын алуға байланысты іс-шараларды ұйымдастыру жалғаса беретіндігін   айтты.

Гауhар ҚОСЖАНОВА,

Жамбыл облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"