Бітімгершілік миссиясын орындауға әзір

ҚР Қорғаныс министрінің 2019 жылдың 20 желтоқсандағы бұйрығын орындау үшін «Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливандағы уақытша күштері» миссиясына төртінші құрама бітімгершілік ротасының әскери қызметшілерін сапалы дайындау мақсатында ҚР ҚК ҚӘ ДШӘ қазақстандық бітімгершілік полкіне «Шығыс» өңірлік қолбасшылығынан бір топ әскери қызметші биыл қаңтар айында жіберілді

Семей гарнизонының 44736 әскери бөлімінен аға сержант В.Моор, кіші сержант М.Көпжасаров, 3-ші сынып сержанты Н.Булькенов, аға сержант Н.Қоңыратбаев, кіші сержант Е.Сұлташев, сержант Е.Баймұқышев, сержант А.Қуатов, сержант Н.Бауыржан, сержант Н.Поштабаев, ефрейтор Б.Бақтияров, ефрейтор А.Буданов, 3-ші сынып сержанты Т.Бекқожин, кіші сержант Д.Артықбаев, сержант Д.Сұлтанов, ефрейтор Ш.Ильбеков, кіші сержант Д.Майлыбаев, ефрейтор Д.Сүлейменов, сержант А.Таңатаров, кіші сержант О.Тыныбеков, ефрейтор Р.Сайфутдинов және Аягөз гарнизонының 10181 әскери бөлімінен егіздер 3-ші сынып сержанты Ержан Окенов пен 2-ші сынып сержанты Ербол Окенов алты ай бойы дайындықтан өтті. Қазақстандық бітімгершілік полкінің төртінші ротасының Ливанға жөнелтілу мерзімі әлемдегі коронавирус пандемиясына, бұған қоса БҰҰ төрағасының бұйрығымен тікелей байланысты.

Кіші сержант Олжас ТЫНЫБЕКОВ, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 44736 әскери бөлімінің аға маманы (аға барлаушы-оқшашар): «Бітімгершілік дайындық курсына келген қаңтардың 8-інен бастап іріктеуден сүрінгендер де, өз бетімен бас тартқандар да болды. Дене әзірлігіне, психологиялық төзімділіктің дайындығына, ағылшын тілін білудің деңгейіне баса көңіл бөлінді. Ай сайын нормативтер тапсырдық. Оқу аяқталысымен тест қабылданып, бітімгершілік дайындық курсын бітіргеніміз туралы сертификат берілді. Карантин режимінің талаптарын қатаң сақтау мақсатында демалысқа елге бара алмадық. Дегенмен, жарым Жібек он айлық ұлым Ахмедті алып келді. Өмірінде тұңғыш рет ұшаққа отырып, әсем қала – Алматыны алғаш көргенде ерекше әсерде болды. Қазақстандық бітімгершілік полкінің төртінші ротасының құрамында Ливанға аттанудың сәтін салса, отбасым үшін еш алаңым жоқ. Семейде ата-анаммен бірге тұрамыз, екіншіден БҰҰ Ливандағы миссиясына қатысушы әскерилердің жанұясы әрдайым өңірлік қолбасшылықтың, әскери бөлім қолбасшылығы мен әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызмет жетекшілігінің назарында».

 «Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливандағы уақытша күштері» (ВСООНЛ немесе UNIFIL) – бұл БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 1978 жылғы 19 наурыздағы № 425 қарарына сәйкес, Оңтүстік Ливанда, Израильмен шекарада орналастырылған және әрбір жарты жыл сайын уақытша мандатпен ұзартылатын Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік күштері. Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливандағы миссиясына Қазақстанның өңірлік қолбасшылықтары мен десанттық-шабуылдау әскерлерінің 120 әскери қызметшіден құралған алғашқы бітімгершілік ротасы 2018 жылдың қазан айынан бастап 2019 жылдың мамыр айына дейін қатысты. Қазақстандық бітімгершілік полкінің екінші және үшінші роталары да «Үнді батальоны құрамында қазақстандық бітімгершілік контингентін өрістету тәртібі туралы» Қазақстан мен Үндістан Үкіметі арасындағы өзара түсіністік туралы келісімнің негізінде үндістандық батальонның (Үндбат) құрамында алты ай бойы өз миссиясын орындады. Олар бітімгер ретінде көмек көрсетуге құқылы, алайда елдің ішкі дау-жанжалдарына араласуға қақы жоқ. Бірлесіп орындайтын міндеттердің негізгісі: «көк сызық» деп аталып кеткен 16 шақырымдық ливан-израиль шекарасын патрульдеу. Сондай-ақ, блок-бекеттерде қызмет атқарып, әскери базалардың күзетілуі мен күшеюі үшін жауапты автономды патрульдерге шығу, өзге мемлекеттердің бітімгершілік құрама өкілдерімен және жергілікті халықпен достық қарым-қатынас орнату. Қысқасы, Ливан жеріндегі бейбітшілікті сақтауға үлес қосу. Айта кететін тағы бір жайт, «Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливандағы уақытша күштері» және үнді батальонының қолбасшылығы еліміз Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің кәсіби амалдар мен қимыл-әрекеттерді орындаудағы біліктілігінің деңгейіне жоғары баға беріп отыр.  

Алуа ИСКАКОВА

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"