«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы гарнизондарды аралады

Ел Президентi – ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысының Жарлығымен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалған генерал-майор Нұрлан Қашағанов Семей, Үшарал, Аякөз, Өскемен әскери гарнизондарын аралады.

Қолбасшы әскери бөлімдердегі асханалар мен казармалардың, әскери полигондар мен жаттығу алаңдарының және әскери қалашықтағы тұрғын үйлердің жағдайын өз көзімен көрді. Әскери бөлім командирлері мен олардың тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасарларымен бетпе-бет жүздесті. Әскери қызметтің жүгін көтеруге белін бекем буған жас сарбаздарды да ашық әңгімеге тартты. Кездесуде әскерилер алдында тұрған нақты мақсат-міндеттер, алдағы уақытқа жоспарланған жұмыстар нақтыланды. Арнайы оқу-жаттығулар мен тәжірибелік күндізгі және түнгі атыстардың сапасына, әскери техниканың жазғы оқу мерзіміне әзірлігіне мән берілді. Жаңа тағайындалған қолбасшы
бірқатар әскери бөлім автопарктеріндегі түрлі техниканың жағдайына, қару-жарақ қоймаларының қызметіне, әсіресе қару-жарақ пен оқ-дәріні, жанар-жағар май мен инженерлік және химиялық мүліктерді сақтау тәртібіне, әрі қауіпсіздік шараларының қадағалануына да көз жеткізді.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"