«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында әскерге шақырылушылар апталығы өтті

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы, Семей қаласының қорғаныс ісі жөніндегі басқармасы, Семей қалалық әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің және тыл еңбеккерлерінің Семей қалалық кеңесі, Семей қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына қарасты жауынгерлік және еңбек Даңқы бөлімі өкілдерінің ұйымдастыруымен әскерге шақырылушылар апталығы өтті.

Апталықтың алғашқы күні әскерге шақырылушылар Семей қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына қарасты жауынгерлік және еңбек Даңқы бөлімін аралады. Ұлы Отан соғысының, Ауғанстан соғысының, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлерімен кездесіп, азат Қазақстанның Қарулы Күштері туралы мол мағлұмат алды. Әскерге шақырылушы жастарға нақыл сөзге толы басылым да салтанатты түрде табыс етілді. Онда былай делінген: «Сен әскер қатарына шақырылған Қазақстан азаматысың. Әскери өмірдің ауыртпалықтарын жеңе білу, жаңа ортаға қалыптасу, берік тәртіпке үйрену, әскери техниканы меңгеру, жауынгерлік құралдарды игеру- сенің міндетің. Құрыш қайратты, әрі айбатты болуға талпынып, Алаштай текті, батыр халқыңа лайықты азамат бола біл. Семсер сүйіп серт берген батыр бабаларымыздай антыңа адал болып, ерліктің үлгісін көрсете біл. Ұлы Отанымыздың тыныштығын қорғайтын абыройлы азамат болуыңа, қажырлық пен қайсар мінездің иесі болуыңа тілектеспіз! Сен қорғаған елің, ата-анаң, туған-туыстарың, бауырларың саған зор сенім артып, аман-есен оралуыңды күтетінін ұмытпа».

   Апталық барысында әскерге шақырылушылар «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 30217 және 28738 әскери бөлімдерінің асханасын, казармаларын, оқу жаттығу полигонын аралады. Әскери техника мен қару-жарақтың үлгілерімен де танысты. Дәстүрге айналған шараның басты мақсаты – әскер қатарына шақырылатын жастарға патриоттық тәрбие беру, қарт жауынгерлермен бетпе-бет жүздестіру, мерт болғандар есіміне тағзым етіп, ерлігін паш ету, әрі егемен елдің айбынды армиясының бүгінгі тыныс-тіршілігіне саяхат жасау.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"