«KADEX-2016» көрмесінде «Ұлан» техникалық күзет құралдары көрсетіледі

«Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ IV халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери техника көрмесінде өзінің заманауи әзірлемелерін, оның ішінде «Ұлан» техникалық күзет құралдарының жүйесін ұсынады.

Жүйе 2 000 м. дейінгі өлшемдегі әскери бөлімдердің объектілерін, қойма аумақтары мен өзге де мамандандырылған құрылыстарды жабдықтау үшін арналған.  Кешен нысанды ішкі телефонлық байланыспен, күзет жүйесімен, бейнебақылаумен, адамдардың немесе жүктердің алмасуын қадағалау жүйесімен, дауыстық пәрмендерді немесе арнайы дабыл белгілерін беру үшін бақылау қолжетімділігі және дыбыс зорайтқыш байланыспен қамтамасыз етеді. Ағымдағы жылы «Ұлан» жүйесі әскери пайдаланудан өтеді деп жоспарлануда. Сонымен қатар, «KADEX-2016» көрмесінде зауыт «Кең спектр» дүркін атыстың заманауи зымыран жүйесінің сұлбасын көрсетеді.  Ол 10-нан 150 шақырымға дейінгі қашықтықта нүктелі және алаңдық нысаналарды, қарсыластың жанды күші мен атыс құралдарының жойылуы мен басылуын қамтамасыз етеді. Кешен атысты автоматтандырылған басқару жүйесімен, спутниктікті қоса алғанда, сандық, навигация және топобайлау байланыс құралдарымен жабдықталған.  «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ – «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың еншілес кәсіпорны мұнай газ, мұнай химиялық, энергетикалық және теміржол жабдығы, арнайы мақсаттағы өнімнің жетекші қазақстандық өндірушісі болып табылады. Бүгінгі таңда кәсіпорында көпбейінді өндірістік және сынамалы база, дамыған аспаптық өндіріс бар, білікті кадрлар жұмыс істейді.  Бұл тұтынушылардың талаптарына жедел ден қоя отырып, дайындалатын бұйымдардың номенклатурасын ұдайы кеңейтіп тұруға мүмкіндік береді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"