«KADEX-2016» көрмесінде қазақстандық өндірістің торпедалары көрсетіледі

«KADEX» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінде «Қазақстан инжиниринг» АҚ-тың құрамына кіретін «С.М. Киров атындағы машина құрастыру зауыты» АҚ-та өндірілген мамандандырылған өнім ұсыну жоспарлануда.

Кәсіпорынмен әзірленген және дайындалған өздігінен бағытталатын торпедалар суасты қайықтар мен корабльдерді жарақтандыру үшін арналған. Қарсыластың кемелерін жою үшін, сондай-ақ жағалық объектілерге қарсы пайдаланылады. Қазақстандық зауытпен өндірілетін өнім қазіргі заманғы тактика-техникалық сипаттамаларға сай келеді және жеке әзірлеменің инновациялық технологияларын қамтиды. Отынның компоненттері ретінде ұдайы жылдамдықпен және жүрістің қашықтығымен қозғалыстың ұшты-күйлілігін қамтамасыз ететін торпедада  керосин, оттегі және тұзды су қолданылады.  Мамандардың айтуынша, өзінің қасиеттері бойынша торпеданы Калашниковтың автоматымен салыстырмалы түрде қарауға болады. Ол қолданылуда берік, торпедалық аппараттар мен тасығыштың сөрелерінде, сондай-ақ арсеналдар жағдайында ұзақ сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. С.М. Киров атындағы зауыттың негізгі мамандандырылуы ол жобалау, теңіз суасты қаруды, теміржолдың жылжымалы құрамын әзірлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мұқтаждығы үшін азаматтық өнім мен жоғары технологиялық бұйымдарды шығару екенін айта кетейік. «KADEX» IV халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік  көрмесі Астанада ағымдағы жылдың маусымында өтетінін естеріңізге сала  кетейік.  Дәстүрлі түрде аталмыш көрмеде әскери техниканы өндірумен айналысатын әлемнің әртүрлі елдерінің кәсіпорындары бас қосады. Қазақстандық зауыттар үшін бұл өз өнімін көрсетуге және оны әлемдік деңгейге шығару үшін жақсы мүмкіндік болғалы тұр. Сондай-ақ еліміздің қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту, демек, Қазақстан Қарулы Күштерінің қорғаныс әлеуетін қамтамасыз ету және өрістету үшін де жаңа мүмкіндіктер болмақ.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"