Түркияның екі қаласында жарылыс болды: Қаза тапқандар бар

Бір тәулік ішінде Түркияның екі бірдей қаласында жарылыс болды.

Салдарынан 9 адам көз жұмған. Арасында бүлдіршіндер де бар. Екі қастандықта да жарылғыш зат автокөлікке жасырылған. Олардың бірі Мардин провинциясындағы аурухана маңында жарылды. Мұнда 50-ге жуық адам жараланған. Олардың оны - полиция қызметкері.
Жергілікті арналар күлі көкке ұшқан көліктің тәртіп сақшыларына тиесілі болғанын хабарлауда. Ал екінші жарылыс елдің оңтүстік шығысындағы Диярбакыр провинциясында тіркелді. Мұнда қастандықтан 5 адам мерт болды. Тағы 12-сі жараланған.
Әзірге шабуылдарды ешқандай лаңкестік ұйым мойындаған жоқ. Дегенмен жергілікті билік екі жарылыс бір-бірімен байланысты болуы мүмкін деген болжам айтуда.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"