«Күрдістан жұмысшы партиясының» содырлары бронды техникамен өтіп бара жатқан әскерилердің жолында қолдан жасалған бомбаны жарған.
8 жауынгер жараланыпты. Шабуыл елдің оңтүстік-шығысындағы Ширнак провинциясында жасалып отыр. Ал түрік әскері лаңкестік ұйымның 35 мүшесінің көзін жойды. Естеріңізге сала кетейік, «Күрдістан жұмысшы партиясының» содырлармен қақтығысы былтыр шілдеде басталды. Содан бері 600-ден астам сарбаз бен полицей ажал құшты. Түркияның Бас штабы 5 мыңға жуық күрд экстремистерінің өлтірілгенін мәлімдеген.