Анкара Сирия және Иракпен татуласуға ниетті

Түркия бұған дейін алауыз болған кейбір мемлекеттермен әріптестігін қайта жандандырмақ.

Ел премьер-министрі Бинали Йылдырым аймақта бекінген террорлық топтармен күресті күшейту үшін Сирия және Ирак елдерімен әріптестікті нығайтуға ниетті. Бұған дейін Анкара Сирия президентінің саясатына қарсы екенін білдіріп, арадағы жағдай Башар Асад биліктен кетумен ғана шешіледі деген ұстанымда болған. Алайда мамыр айында үкімет басына келген жаңа премьер Түркия жан-жағына дұшпан емес, дос жинайтынын бірнеше рет мәлімдеді. - Біз Ресей және Израиль елдерімен арадағы байланысты қалпына келтіре бастадық. Аймақтағы терроризммен күресу үшін Сирия және Иракпен де достастығымызды арттырамыз деп сенем. Жерорта теңізі мен Қара теңізді жағалай орналасқан барлық көршілермен тату болуымыз керек. Себебі біз бұл жерде сан ғасырлар бойын бірге жасап, біте қайнасып келеміз, - дейді Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"