Қытайдың Іле-Қазақ автономиялы облы¬сы¬ның Мұңғыл¬күре ауданында қазақ күресі¬нен әлем чемпионаты өтті. Осы сында бес салмақ дәрежесі бойынша түгелдей қазақ балуан¬¬дары топ жарып, тұғыр биігіне көтерілді. Солардың ішінде АОСК әскери спортшылары, ефрейторлар Ғұсман және Ғұмар Қырғызбаевтар қазақ күресінен әлем чемпионы атанды.
Додаға әлемнің 25 елінен 80-нен астам кілем шеберлері қатысып, бес күн бойы боз кілемде бақ сынасты. Алдымен егіз балуандар Ғұсман және Ғұмар Қырғызбаевтар жанкүйерлерін тәнті етіп, алғашқы екі салмақта үздік шықты. Атап айтқанда, Ғұсман 60 кило салмақта күресіп, финалда өзбекстандық Санжар Османәлиевтің жауырынын жер иіскетті. Көрші елдің атынан сынға түскен Ғұмар болса, 70 кило салмақта Шыңжаң өлкесінің балуаны Мәдениет Жалынбайды ұтты. Айта кетейік, ағайынды Қырғызбаевтардың бұл бір ғана жеңісі емес. Осы уақытқа дейін олар әртүрлі деңгейдегі жарыстар мен турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы атанып, топ жарып жүрген спортшылар.
Сондай-ақ, чемпионаттағы ең қызықты белдесулер түйе балуандар арасында өтті. Оған салмағы 80 килодан асатын үздіктер қатысты. Бұл сынақта Қазақстанның намысын Мұхит Тұрсынов пен Айбек Нұғымаров қорғады. Нәтижесінде Айбек жарысты іріктеу кезеңінде аяқтаса, Мұхит қола жүлдеге қол жеткізді. Ал «түйе балуан» атағын грузин Гурам Тушишвили жеңіп алды. Салмағы 130 килодан ауыр 21 жастағы бұл алып жігіттің дзюдодан Еуропа чемпионы деген атағы бар.