Азия чемпионатында 61 келіде Дәулет Ниязбеков алтын алды

Әлемдік күрес ұйымы (UWW) Азия чемпионатынан кейін еркін күрестен әлемдік рейтингті жаңартты.

57 келіде Артас Санаа 7-орнын сақтап қалды. Бұл салмақта грузиялық Владимир Хинчегашвили көш бастап тұр.

61 келіде Дәулет Ниязбеков Азия чемпионатында алтын алып, 15-орыннан бесінші орынға бірден көтерілді. Әзербайжандық Хаджи Алиев — бірінші орында.

70 келіде Азия чемпионатында күміс алған Нұржан Бекжанов алғаш рет әлемдік рейтингке енді-14 орын. Бұл салмақтың үздігі — ресейлік Магомедрасул Газимагомедов.

84 келіде биылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Аслан Кахидзе де алғаш рет рейтингке еніп, 15-орында тұр. Ал ресейлік Абдулрашид Садулаев лидерлікті сақтап қалды.

125 келіде Азия чемпионатының финалында жеңілген Даулет Шабанбай 20-орыннан 10-орынға көтерілді. Аса ауыр салмақта түрік Таха Акгул көш бастап тұр.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"