Әскери қызметшілерге деструктивті діни ағымдардың қауптігі туралы айтты

Әскери қызметшілерге деструктивті діни ағымдардың қауптігі туралы айтты

19 қыркүйек күні генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің ұйымдастыруымен жеке құраммен «Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерін деструктивті діни ағымдарға еліктірудің қаупі» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – жеке құрам арасында діни сауаттылықты көтеру, сонымен қатар діни экстремизм мен жалған дәстүрлі діни қызметтердің алдын алу. Кездесуге Астана қаласының Есіл аудандық әкімдігінің жанынан құрылған Діни проблемаларды зерттеу орталығының мамандары ғылыми бас маманы Г.Новикова және Арайлым Айбасова қатысып, ислам және христиан дініндегі діни ағымдардан келетін қауіп туралы баяндады. Сонымен қатар, олар кездесудің негізгі мақсаттары, орталықтың жасап жатқан жұмысы жайлы және де заң төңірегінен сөз қозғады. 

 «Біз елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз қажет. Халқымызға жат діни ағымдар мәселелері өзекті әрі күн тәртібінде. Бұл тұрғыда осындай ағымдардың деструктивті әсеріне жастар көптеп ұшырайды. Аталмыш жағымсыз құбылыс діни-экстремистік топтар мен ұйымдардың жүргізген насихатының кесірінен пайда болады. Мұндай радикалдану үдерісі діни экстремизмді, тіпті терроризмді тудыруға түрткі болатыны ешкімге жасырын емес. Сондықтан халықты жат ағымдардан сақтап, адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет екендігін Галина Новикова жеке құрамға тәптіштеп, түсіндіріп жеткізді.

Ал, Арайлым Айбасова қазіргі жастарымыздың ұялы телефонсыз, интернетсіз өмір сүре алмайтындығын ескерте отырып, әскери қызметшілерге жанұясындағы балаларының немен айналысатындығына жете назар аударып отыру керектігін айтты. Сонымен бірге деструктивті ұйымдардың ұялы байланыс және интернет желілерін ұтымды пайдаланудың арқасында жастар мен жеткіншектерді теріс жолға итермелеп отырғанын да жеткізіп, бірге жұмыс істеуге шақырды.
Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи