Әскерилер арасында діни мәселелер жөнінде семинар өтті

Жуырда Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының дінтанушы О.Вороневич, ҚР ҰҚК «Батыс» ӨҚ әскери барлауға қарсы басқармасының аға жедел уәкілі подполковник А.Казбеков және Ақтөбе гарнизонының әскери полиция бөлімінің анықтау және іздестіру бөлімшесінің аға офицер уәкілі әділет майоры С.Старцевтың қатысуымен жеке құраммен қоғамдағы діни мәселелер жайында семинар ұйымдастырылды.

Аталған кездесуде «Нақты қауіп-қатер», «Түрлі радикалды, жалған діни ұйымдардың жетегіне жастардың кіру себептері», «Дін және әскери қызмет», «Терроризм актілері» және «Қазақстанда қызметіне тыйым салынған діни ұйымдар» секілді тақырыптарда сұхбат жасалды.

Семинар барысында «Көрінбейтін майдан» атты «Елімай» кинокомпаниясы түсірген деректі жоба қатысушылардың назарына ұсынылды.

Шара аясында 30 қызметкер қамтылды. Жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға дінтанушы О.Вороневич жан-жақты жауап берді.

Сержант А.НҰРБАЕВА

Ақтөбе қаласы әскери госпиталі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"