Әскери міндеттілердің оқу әскери жиыны басталды

                      
   Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына, ҚР Үкіметінің «Әскери міндеттілерді оқу әскери жиынына шақыру туралы» қаулысына, ҚР ҚМ «ҚР Қорғаныс министрлігі мен төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдері мен оқу орталықтарында, әскери басқарма органдарында әскери міндеттілермен әскери жиын ұйымдастыру туралы» бұйрығына сәйкес, әскери міндеттілердің оқу әскери жиыны басталды.

Жиынның алғашқы аптасында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 30217 әскери бөлімінің базасында құрылған дала лагеріне шамамен 100-ге жуық адам қоныстанды. Олар үшін әскери-патриоттық тәрбие сағаттары ұйымдастырылып, Отан алдындағы борышты өтеу және жүктелген міндетке жауапкершілікпен қарау мәселесі әңгімелесу түрінде өтті. Басты назар тактикалық, атысқа, техникалық дайындыққа және жауынгерлік көліктерді жүргізуге бөлінді. Бұған қоса радиациялық, химиялық, биологиялық қорғаныс, инженерлік, әскери медициналық әзірлік, әскери топография дәрістері де кешенді түрде оқытылады. Жиынға қатысушылардың барлығы да бұған дейін Отан алдындағы әскери борышын өтегендер. Тек бөлімше командирі–жауынгерлік машина командирі, нысанашы–оператор, көлік жүргізушісі–механик лауазымдарына оқытылады. Басқа мамандықты игеруге шақырылғандар негізінен Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары аудандарының тұрғындары.   

   «ҚР Президентi–ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында ұлттық қауіпсіздікке, ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлікке, экономикалық өсуге, қазақстандықтардың денсаулығына, білімі мен әл-ауқатына ерекше мән берді. Әскери адам әлемде болып жатқан ахуалдан хабардар болып, түрлі қауіп-қатерге қарсы тұруға әрдайым әзір болуы керек. Басқа мамандықты игеру–екінші білім алумен тең. Дегенмен әскери міндеттілерді бір айдың ішінде өзге мамандыққа қайта даярлау–бүгінгі заманның талабы. Жалпы алғанда әскери міндеттілерді оқу әскери жиынына іріктеу мен шақыруды ұйымдастыру жұмыстары ойдағыдай жүргізілуде», деді жиынның жетекшісі 30217 әскери бөлімінің командирі полковник Рашид Османов.

   Әскери міндеттілердің оқу әскери жиыны 25 тамызға дейін созылады. Әрбір екінші аптаның соңында басқа мамандықты үздік игерген әскери міндеттілерге әскери атақтар мен лауазымдар, мақтау қағаздары мен құрмет грамоталары салтанатты түрде табыс етіледі. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"