«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында қауіпсіздік шарасы ұйымдастырылды

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының гарнизондық офицерлер үйінде «Қауіпсіздік шараларын бұзудың және жол-көлік оқиғаларының алдын-алу» онкүндігіне арналып жиын өтті.

ҚР Қарулы Күштерінде 2016 жылдың 11-20 шілде аралығында «Қауіпсіздік шараларын бұзудың және жол-көлік оқиғаларын алдын-алудың» онкүндігі жарияланған еді. Онкүндікті жүзеге асыру мақсатында Семей өңірлік гарнизонының әскери полиция жасағы бастығының бұйрығымен жауапты лауазымды тұлғалар тағайындалып, қызметттік міндеттері бекітілген болатын. Жекеменшік автокөліктердің жәй-күйлері, көлік жүргізуші куәліктері, сақтандыру полистері, сенім хаттары, алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасы, жол-көлік оқиғасында пайдаланылатын белдіктері тексерілді. Көлік иелерімен жеке-жеке түсіндіру жұмыстары да жүргізілді. Осы шараның барысын талқылаған жиында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұрлан Қашағанов қауіпсіздік шараларын сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын-алу өзекті мәселе екенін Семей гарнизонына қарасты әскери бөлім командирлеріне жан-жақты түсіндірді. Басты назарды ресми мәліметтерге емес, қауіпсіздік шараларын бұзуға және жол-көлік оқиғаларына ықпал ететін жәйттарға, әрі оның шығу себептеріне бөлді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"